11
желтоқсан
2019
Бұраң бел
2019 жылдың 10 желтоқсанда өнер әлемі-мәңгі жастық әлемі атты «Бұраң бел» би байқауы өткізілді. Байқауда мың бұрала билерін ортаға салатын қатысушыларымызға төрелік ететін әділ қазылар алқасын сайлап таныстырып өтті. Хореограф Хожанов Айдос, Баймишева Құндыз және Бейсеитова Алия. Байқау 3 сынып оқушылары арасында өткізілді. Мың бұрала билеген бишілеріміз өнерлерін салып, ұлттық билердің сәнін келтірді. 3 орынды 3 «Ә» сыныбының оқушылары «Жас қыран» тобы «қара жорға» биімен иеленді.2 орынды 3 «Б» сыныбының оқушылары Тагир Адина,Тоққожа Адия, Жұматай Ақерке қазақ биімен иеленді. 1 орынды 3 «В» сынып оқушылары Кеңес Гүлім, Мырзабай Жанелья, Садуова Айша өзбек биімен иеленді. Байқаудың соңында Бексуюнова Айжанель әсем әнін шырқады.Өтілген іс-шараға ат салысқан, өтілуіне ықпал жасаған мектебіміздің хореографы Байсымакова Жанерке.