21
қараша
2019
"Кемелді келешекке-кемеңгер Елбасымен"
№46 орта мектебінде 2019 жылдың 26 қараша атты салтанатты жиын өткізілді. Жиынның ашылуы Қазақстан Республикасының туы енгізілуімен және әнұранның шырқалуымен басталды. Қазақтың халық әні «Еркемай» әнімен ашылды және қазақтың халық күйі «Кеңес» тартылды. «Жас Ұлан» ұйымының қатарына оқушылар қабылданды. 5 сынып оқушылары арасында жалпы «Жас Ұлан» қатарына 116 оқушы кірді. «Жас Ұлан» ұйымында Ант айту салтанаты 5 «В» сынып оқушысы Тілеміс Ислам айтып шықты. Атаулы мерекемен құттықтау үшін мектеп директоры Шынбергенов Оңталап Қыпшақұлы сөз сөйледі. Жас ұлан ұйымына қабылданған 5 сынып оқушылары өз өнерлерін көрсетіп өлең оқып, «Жаса, Қазақстан» флешмоб биледі. Салтанатты жиынның соңында Хор «Атамекен» әнімен аяқтады.