Жас кәсіпкерлер бастауы » СШ №46
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
«№46 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7262) 54-64-66
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54-64-66
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жас кәсіпкерлер бастауы
22
қараша
2018

Жас кәсіпкерлер бастауы

Жас кәсіпкерлер бастауы  

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                

Жамбыл облысы  әкімдігінің білім  басқармасының  «Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығы»  «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру аясында  2018 жылдың  22-қараша күні жалпы білім беретін мектептердің оқушылары мен колледж студенттеріне арналған бизнес-клубтарының жобаларды қорғау және марапаттау рәсімі өткізілді. Жобаларды қорғау рәсімі Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің  мәжіліс залында өткізілді.

Бизнес клуб жайлы айта кетсем, №46 мектепте  2018 жылдың                                  1-наурызынан бастап  табысты бизнес қадамдарын жасау тәсілдерін үйрететін «Өркен» бизнес клубы ашылып, клубтың жоспары жасалынған болатын.  «Өркен» бизнес клубының жетекшісі болып өзім   жұмысты бастадым. Бизнес клуб мүшесіне қабылдануға өтініш берген  8-10 сыныптар арасынан  20 оқушы қабылданды.  2018 жылдың 1-наурызынан бастап 30 қазанға дейін клуб мүшелеріне бизнес және кәсіпкерлік ұғымдармен, жалпы  экономикалық терминдерді меңгерту мақсатында дәрістер өткізілді. Атап айтсам, «Бизнес жасалатын алғашқы қадамдар», «Бизнес жоспар қалай құрылады?» т.б. тақырыбында  және  еліміздегі жеке кәсіпкерлер туралы әңгіме жүргізіліп, бейне таспалар көрсетілді, ой талқылаулар жасалды. 2018 жылдың  мамыр айының      26 күні  «Бизнес әлемі қандай?» тақырыбында жеке кәсіпкермен кездесу өткізілді. Кездесуге жеке кәсіпкер Шегебаев Атымтай Тұрғанбекұлы шақырылған болатын. Ол бизнес әлемінің қандай болатындығы және өзінің бизнесі  туралы жан-жақты әңгіме жүргізіп, оқушылардың бизнес әлемі туралы ойларын дамытты. Әр отырыста бизнес-жобаны дайындаудың қыр-сыры айтылып, талқыланып отырды. Сонымен қатар Жамбыл облысының кәсіпкерлер палатасының өкілдері оқушыларға мастеркласс, семинар-тренингтер өткізді. 

2018 жылдың 05-09 қараша аралығында «Жалпы білім беретін мектептердің оқушылары мен колледж студенттеріне арналған бизнес-клубтар» тренингі өткізіліп, оқушылардың бизнес жобаларды талапқа сай қорғауы бойынша бағыт-бағдар берілді.

Нәтижесінде мектебіміздің  3 оқушысы  бизнес-жобаларды қорғау бойынша облыстық байқауға қатысып, үш жүлделі орынды иеленді. Атап айтсам, І орын - 10 «А» сынып оқушысы  Құдайберген Нұрлыбағым,  ІІ орын - 11 «Б» сынып оқушысы Сайдыганиев Диас, ІІІ орын - Ершеева Арайлым. «Бизнес әлеміне басқан алғашқы қадамдарың жемісті болсын!»- демекпін шәкіттеріме.

 

 

 

              №46 мектеп  директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары ,  ҚР  Білім беру ісінің үздігі  Ахметова Гүлбарам Молдаханқызы

 

 

 

 


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив