Баяндама ата-аналарға » СШ №46
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
«№46 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7262) 54-64-66
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54-64-66
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Баяндама ата-аналарға
12
қаңтар
2018

Баяндама ата-аналарға

      Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 46 орта мектебі КММ –де 2017-2018 оқу жылының 1-ші жартыжылдығында атқарылған жұмыстар туралы

                                                        баяндама

                   

      Білім мекемелері  «Қазақстан Республикасының  Конституциясы», «Білім туралы», «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы», «ҚР-дағы баланың құқықтары туралы», , «ҚР-дағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңдарына сүйене отырып, жұмыс жүргізеді.

     2017-2018 оқу жылында оқушы контингенті - 1810 .

     Сынып саны -86, 74 негізгі, 12 ТДО сыныптары.

Білім сапасы-41,6%, үлгерімі-99,1%.

Педагогтардың сапалық құрамы-41,61%.

Оқушылар жетістіктері: қалалық деңгейде -15 орын, облыстық деңгейде – 4, республикалық -109, халықаралық деңгейде- 2 орын.

        Мектептің әлеуметтік жағдайына тоқталатын болсақ,

Көп  балалы отбасы – 359

Толық  емес отбасы – 296

Тек  анасымен тұратындар – 290

Тек  әкесімен тұратындар – 10

Өгей анасымен тұратындар – 4

Өгей әкесімен тұратындар - 35

Жетім  балалар – 15, қамқоршылық пен қорғаншылықта- 6, патронаттық тәрбиедегі- 9 бала.

Үйде оқытылатын оқушылар саны- 22, оның 15-і мүгедек оқушылар.

 Тегін ыстық тамақпен қамтылғандар – 310 оқушы.

 

         2017-2018 оқу жылының басынан жасөспірімдер бойында отансүйгіштік, ізгіліктік, рухани құндылықтарды дамыту мақсатында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бұрышын жасау,«Мен өз елімнің патриотымын» білім сабағы, «Кітапты сыйға тарт» акция, «Қыз еркем- анасымен көркем» дөңгелек үстел, «Менің өлкемнің атақты ақын-жазушылары» кездесу, «Туған жеріме деген махаббат» ұлтжандылық сабағы, «Қызға қырық үйден тыю» әңгіме, «Латын әліпбиі- ХХІ ғасырдың ғылыми және білім беру тілінің негізі» оқушылар конференциясы, «Туған жердің кереметі» экскурсия, « Білімді ұрпақ- ел болашағы» сайыс, « Рухани жаңғыру- ұлттың болашағы» конференция, «Бүгінгі түлек- ертеңгі тірек,» түлектермен кездесу, «Бой түзеу- әуелі ой түзеу» пікірталас, «Рухани жаңғыру- ұлт болашағы» фестиваль, « Тәуелсіздік - тірегім» тақырыптық тәрбие сағаттары, «Патриоттық әндер» байқау, «Бүгінгі бойжеткен- ертеңгі асыл жар» кеңес беру сияқты іс- шаралар өткізілді.

 

      Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу үшін іс-шаралар жоспары жасалынып, бекітілген.

·     Қалалық білім бөлімінің кешенді-мақсатты бағдарламасын басшылыққа алып, оқу  жылына арналған құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу іс-шаралар жоспары;

 ·   ІІБ ЖПҚ-мен біріккен жұмыс жоспары;

·      облыстық наркодиспансермен біріккен жұмыс жоспары;

·       салауатты өмір салты орталығымен біріккен жұмыс жоспары;

·       ЖИТС орталығымен біріккен жұмыс жоспары;

·       жалпыға бірдей білім беру жоспары;

·       мектеп психологтарымен біріккен жұмыс жоспары;

·       құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу кеңесінің іс-шаралар жоспары;

·       діни экстремизмнің алдын алу іс-шаралар жоспары.

 

 

         Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің басшысы М.К.Жинақбаева 12 қыркүйек, 3 қазан күндері профилактикалық есепте тұрған оқушылармен сұқбаттасып, олардың жай күйлерімен танысты.

          Мобильдік топ жетекшісі  Тараз қаласы прокуратурасының бөлім аға прокуроры Қалдыбеков Сырым 12.09, 27.09, 26.10.2017 ж. есепте тұрған оқушылармен сұқбат жүргізсе, Тараз қаласы ЖПҚ ІІБ инспекторы, полиция майоры Пискарева Е.М., аумақтық инспектор А.Абдихаимов, СӨС орталығының психолог маманы Кейкиева М.О. оқушылармен жүйелі түрде алдын алу жұмыстарын жүргізеді.

          Мектепте заң бұзушылықтың және қылмыстың алдын алу кеңесі құрылған, жоспарға сәйкес ай сайын кезекті құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу кеңесінің отырысы өткізіліп тұрды. Оның мүшелігіне мектеп директоры, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, психологтар, мектеп инспекторы, құқық пәнінің мұғалімі және ата-аналар комитетінің мүшелері кіреді. Әр түрлі құқық бұзушылық іс-әрекеттерге барған оқушылардың ата-аналары штаб отырысына шақыртылып, олармен түсіндіру жұмыстары жасалынды. Ата-ананың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі туралы айтылып, мәселенің дұрыс бағытта шешілуі қамтамасыз етілді.  

         Ай бойына бекітілген кестеге сәйкес мектеп шағын ауданында ер мұғалімдерден құрылған жасақтармен  құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында рейдтер жүргізілді. Рейд мақсаты: оқушылардың мектептен тыс кезде жүріп тұруын бақылау және ата-аналармен әңгіме-сұхбат жүргізіп, құқық бұзушылық іс- әрекеттердің алдын алу.   

         Мектебіміздегі құқықтық білім беру «Құқықтық білім беру туралы» Ережеге сүйене отырып жасалған жоспар бойынша жүргізіледі. Құқықтық білім беру – бұл оқушыларға, педагогтарға және ата-аналарға құқықтық тәрбие мен құқықтық ағарту-насихат жұмыстарын жүргізудің  жүйесі. Бұл  Ереже құқықтық білім берудің мақсаты, принциптері мен өткізу тәртібін анықтайды.

Құқықтық білім берудің мақсаты – оқушылардың, педагогтар мен ата-аналардың құқықтық мәдениетін көтеру және заңды құрметтеуге деген дәстүрді қалыптастыру.

          Құқықтық білім беру келесі міндеттерді шешеді:

1)оқушыларға, педагогтарға, ата-аналарға құқықтық білім беруді жүзеге асыру, заңнамалық актілер мен құқықтық біліммен қарулану, құқық бұзған оқушылардың жауапкершілігін қарау;

 2) Қазақстан Республикасының Конституциясының міндеттемелерін түсіндіру, оны оқушыларға, педагогтар мен ата-аналарға дер кезінде жеткізу.

     Құқықтық білім беруді ұйымдастыруда мектеп әкімшілігі жас ерекшелігіне қарай әдістемелік ұсынымдарды, тақырыптық жоспарларды жасауды қамтамасыз етеді.

     Құқықтық білім беруді ұйымдастыру жұмыстарында әділет, құқық қорғау ұйымдары мен мемлекеттік ұйымдардың қызметкерлері тартылады.

     Мектеп әкімшілігі құқықтық тақырыпта стенд даярласа, 1-11 сынып жетекшілері бұрыштар дайындайды.

      Жалпы басшылық пен оны ұйымдастыру жұмыстарына  бақылауды мектеп әкімшілігі жүзеге асырады.

     Құқықтық білім беруді келесі топтарға бөліп жүргізеді:

Бірінші  топ – 1-11 сыныптар

Екінші топ – ата-аналар.

Үшінші топ – педагогтар.

      Тыңдаушыларды қамтамасыз ету мен сабақтарды жүргізу сынып жетекшілерге жүктеледі. Оқу-тақырыптық жоспарды дайындау топ әкімшілігіне, тақырыптық сабақтар дайындау  лекторлық топтардың жетекшілеріне  жүктеледі.

  1. Педагогтарға  құқықтық білім беру:

       1) тоқсанына  1 рет дәрістер өткізу;

       2) құқықтар мен заңдарға қатысты  мәселелер бойынша дөңгелек үстелдер ұйымдастыру;

       3)қабылданған заңдар мен нормативтік актілерді үйрену және оның жүзеге асырылуын педұжымға таныстыру;

       4) түскен сұраныстар мен пікірлерге сәйкес басқа түрде өткізу.

  2. Ата-аналарға құқықтық білім беру:

      1) жылына 2 рет дәрістер өткізу;

      2) құқықтар мен заңдарға қатысты  мәселелер бойынша дөңгелек үстелдер ұйымдастыру;

      3) қабылданған заңдар мен нормативтік актілерге қатысты  ұсынымдар, ата-аналарға арналған жаднамаларды жасау және жеткізу.

     4) түскен сұраныстар мен пікірлерге сәйкес басқа түрде өткізу.

            Оқушыларға құқықтық тәрбие беруде олардың құқықтық сана сезімін бірінші кезекте қалыптасудың маңызы зор. Себебі, құқықтық сана – қоғамдық санның ерекше түрі. Сондықтан, құқықтық тәрбие беруде оқушылардың санасын тәрбиелеу, жауапкершілік сезімін көтеру, ұйымшылдық пен тәртіліптікті нығайту - мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарының негізгі бір бағыты. Құқықтық тәрбие – сан қырлы, күрделі процесс, бұл жалпы және арнаулы шаралардың тұтас бір жүйесін қамтиды. Соның ең бірінші сатысы-оқушы заңмен хабардар етіп оның жалпы білім деңгейін көтеру. Осыған орай мектеп оқушыларының жас ерекшеліктеріне қарай құқық негіздерін оқыту іске асуда. Мектебімізде әр айдың екінші аптасы «құқықтық білім беруді жетілдіру күні» болып белгіленген. Мектеп залдарына құқықтық тәрбиеге байланысты көрнекіліктер ілініп, сынып бөлмелерінде бұрыштар ұйымдастырылған, сенім жәшіктері дайындалып, оқушылардан құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алуды жүзеге асыруға байланысты сауалнамалық сұрақтарға жауап алынып отырады.

      Қалалық полиция бөлімінде – 2оқушы тіркелген. Ол 9 «В» сынып оқушысы Ильинская Анастасия (8.02.2017 ж. ата-ананың қарауынсыз қалғаны үшін есепке алынған), «Томирис» дизайнерлік және компьютер игеру үйірмелеріне қатысады, К.Сарымолдаев атындағы балалар үйінде тәрбиеленуде, 9 «В» сынып оқушысы Маляренко Сергей (29.06.2017 жылы түнгі уақытта жүргені үшін есепке алынған), 10 ш/а, 40 үйде орналасқан «Радиотехника» үйірмесіне қатысады.

      Оқушыны қылмысқа итермелейтін, яғни ықпал ететін нәрсе, ол ғылыми көзқараспен қарасақ, үйіндегі келіспеушілік пен ата-ана арасындағы жайсыздық.   Мектеп бойынша 8 отбасы жайсыз отбасы ретінде полиция бөлімінде тіркелген. Ондағы мектеп жасындағы тәрбиеленуші бала саны-25. Аталған отбасылар мектеп әкімшілігі, психологтар, мектеп инспекторы тарапынан қатаң бақылауға алынған. Оқушылардың сабаққа қатысуы, психологиялық жай-күйлері қатаң қадағаланады.   

  Тәртіп бұзуға бейім « Қауіпті топтағы» оқушы саны- 3. Аталған оқушылармен мектеп психологтары тарапынан көмек қолын созу,  тәртіпсіздіктің алдын алу жұмыстары үнемі жүргізіліп отырады.

      Мектепішілік есепте ішкі ережені бұзғаны үшін 5 оқушы тіркелген .

Аталған оқушылар қатаң бақылауға алынған, мектепішілік, мектептен тыс үйірмелермен қамтылып, тәлімгерлер бекітілген.

Полиция бөлімінде, Мектепішілік есепте, «Қауіпті» топта  есепке алынған оқушыларға жеке-жеке  папкалар арналып, қажетті құжаттары топтастырылған. Әр оқушыға жеке бақылау дәптері арналған.

       Мектеп оқушыларының жалпы үйірмелермен қамтылу деңгейі:  жалпы- 1267 (70,0%), мектепішілік үйірмелермен- 618 (34%), мектептен тыс үйірмелер- 649( 35,9%).

        Жазғы каникул уақытында мектеп асханасы сомасы 4,5 млн.тенге тұратын күрделі жөндеуден өтті( ауа сору жүйесі, электржүйесі, есіктер, кафель, жарықтандыру). Спонсорлардың көмегінің арқасында мәжіліс залы жөнделді, ата-аналардың сұранысы бойынша 500 оқушыға арналған гардеробная салынды, мектеп кітапханасының қоймасы жөнделіп, үйірме сабақтарын жүргізетін кабинет болып өзгертілді.

       Мектеп ата-аналарының көмегімен жаңадан екі оқу кабинеті, №№8,36,14,37,35 кабинеттерде еденге линолеум төселді, сынып жихаздары жөнге келтірілді.

       Мектепте стоматологиялық кабинет ашылды, оқушыларға тегін қызмет көрсететін болады.

       Алдағы қажет нәрселер, олар мектеп ауласындағы теплицаның орнында қалып кеткен фундаментті алып тастау, көгалдандыру(чернозем әкелу),кеңформаттағы телевизор, проектор алу.

       Қалалық білім бөліміне өндіріс қажеттілігіне байланысты екінші спортзал салу, тозығы жеткен терезелерді ауыстыру жөнінде сұраныс жазылған.

 

 

 

 

 

 

foto

 

Похожие публикации:

08 қараша 2017 Мектептің тарихы
02 қыркүйек 2016 1- Қыркүйек 2016
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив