«Менің отаным - Қазақстан» республикалық туристік экспедициялық слеті
Жамбыл облысы әкімдігінің білім бөлімінің басқармасының қолдауымен 2019 жылдың 17 -21 қыркүйек аралығында «Менің Отаным - Қазақстан» туристік экспедициясы өтті. Қосымша ережеге сәйкес 13-16 жастағы облыстық «Эдельвейс» туристік жасағы Көкшетау қаласына «Жұлдыз» лагеріне байқауға барып қайтты. Біздің мектебіміздің 9 «А» сынып оқушысы Қанатбекова Шұғыла, 10 «А» сынып оқушысы Мейірбек Құралай жарысқа қатысып бақтарын сынады. Слетке тәжірибелері бар 160-қа таяу қоғамдық туристік және спорттық ұйымдардың оқушылары экспедицияға қатысты. Нәтижесінде мектебіміздің оқушысы Қанатбекова Шұғыла «Туған өлке соқпақтары» атты кезеңде 17 команданың ортасынан 1-орынды иеленді.
Экспедицияның өткізілетін орны - маршрут парағына сәйкес Бурабай ұлттық саябағы. "Менің Отаным - Қазақстан" атты республикалық туристік Экспедициясының (туристік сапары) (бұдан әрі экспедиция) өткізуілу мақсаттары мен міндеттері:
1. Ішкі туризмнің мүмкіндіктерін пайдалана отырып, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде оқитын жастардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру және дамыту.
2. Жастарда азаматтық негіздеріне және қазақстандық патриотизмге, Отанды сүюге және Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін Әнұран, Ту, Елтаңбаны құрметтеуге тәрбиелеу.
3. Дене шынықтыруға, өнегеге, моральдық және қайратты қасиеттерге тәрбилеу, туристтің қоршаған ортасын және экологиялық мәдениетін танып білу.
4. Оқитын жастардың денсаулығын нығайту, қисынды және белсенді демалыс ұйымдастыру, туристік тәжірибелерімен алмасуға тарту.
5. Туристік мәдениеттің дағдыларын, өсіп келе жатқан ұрпақтың экологиялық тәрбиеге тәрбиелеу, жаяу жүру және өлкетанымдық туризмін Жамбыл облысында көпшілікке танымды ету.
6. Туристік сапарлардың өткізілуі кезінде туристік техниканың дағдылары мен негіздерін иемдену, қауіпсіздік сақтау шараларына және жедел жәрдем көрсетуге үйрету.
7. Оқитын жастардың арасында бұқаралық ішкі туризмін дамыту.
8. Мектептер оқушылары арасында саламатты өмір салты мен шыдамдылықтың насихаты.
Экспедиция (туристік сапар) үш бағыт бойынша өткізіледі: мәдени-танымдық, экология-өлкетанымдық және спорт-сауықтыру.