«Тыңда, Дала, Жамбылды!» - кітап көрмесі » СШ №46
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
«№46 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7262) 54-64-66
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54-64-66
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Тыңда, Дала, Жамбылды!» - кітап көрмесі
02
наурыз
2021

«Тыңда, Дала, Жамбылды!» - кітап көрмесі

«Тыңда, Дала, Жамбылды!» - кітап көрмесі

(Ж. Жабаев / 175 жыл)

   

Мақсаты: «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында ХХ ғасыр Гомері атанған  айтыскер ақын,   сазгер Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай  «Тыңда, Дала, Жамбылды!» атты - кітап көрмесі ұйымдастырылып оқушыларға таныстырылды.  Жыр алыбының өмірбаяны мен шығармашылығын таныту, ақын жырларын насихаттай отырып елін, жерін сүйе білуге баулу мақсатында ұйымдастырылған көрмеде ақынның өмірі мен шығармашылығы, сондай-ақ мерзімді басылым беттерінде жарияланған Қазақстанның ақын-жазушыларының  Жамбыл Жабаев жайында жазған мақалалары мен естеліктері ұсынылған.

Директордың Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Утепова М.Ж. өз сөзінде Жамбыл Жабаевтың ақындық мұрасы қазақ халқының рухани қазынасының алтын қорына енгізілгендігін айтып өтті.

Кітапханашы Есимбекова А.Т. Жамбыл ақын жайында қазақ халқы поэтикалық өнерінің дамуына үлкен үлес қосқандығын, бүкіл өмірін жалпыадамзаттық құндылықтар мен  жақсылықты, әділеттілікті дәріптеуге және патриотизмді тәрбиелеуге арнағандығын айта келе, ақынның көптеген әндерінің мәтіндері жоғалып кеткендігі жайында айтып өтті. Өзі мен шәкірттерінің естеліктері бойынша   Жамбылдың қатысуымен өткен айтыстардың бірқатар мәтіндері қалпына келтіріліп, екі өлең жазылғаны: «Патша әмірі тарылды» және «Зілді бұйрық» жайында деректер  айтып өтті.

             «Жамбыл - біздің дәуіріміздің ең жарқын әрі дарынды әншісі», - деп жазды ол туралы қазақтың белгілі жазушысы Мұхтар Әуезов. Орыс әдебиетінің көрнекті өкілі, ақын Николай Тихонов Жамбылды: «Өз халқының ар-намысы, дауысы, жүрегі мен шынайылығы» деп атады. 

           Екі өмірді көрген Жамбыл кешегі мен бүгінгі күннің бар шындығын реалистікпен жырлай білсе, демек ол  келешек ұрпақпен де бірге жасай береді. Жамбыл – мәңгілік құбылыс.


 Кітап көрмесіне қойылған әдебиеттер:

  1. Жамбылов Ә. 

Мен – Әлімқұл, Жамбылдың немересі: (Эсселер, естеліктер, пайымдамалар, өлеңдер мен толғаулар, айтыстар /.- Алматы: «Айтұмар» баспасы, 2003. – 180 бет.

  1. Екімыңжылдық дала жыры. / Бас редактор Ә. Нысанбаев. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 2000. – 752 бет.
  2. Жабаев Жамбыл. Избранные произведения. / Жамбыл Жабаев. Перевод с казахского. Астана: Аударма, 2010. – 464 стр.
  3. Джамбул Джабаев. Избранные произведения / Ред.колл. М. Ауезов, Н. Смирнова,  М.Силименко, Сост: М. Гумарова , О. Нурмаганбетова ,Т. Сыдыков. – Алма-Ата: «Жазушы», 1981г. – 400 стр.
  4. Тарихи тұлғалар. Құраст,: Б. Тоғысбаев, А. Сужикова. – «Алматыкітап баспасы», 2017. – 384 бет.
  5. «Қазақстан жазушылары: XX ғасыр», Анықтамалық. – Алматы:  «Ана тілі» баспасы ЖШС, 2004 – 392 бет. Т.б материалдар









Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив