"Мемлекеттік рәміздер-мақтанышым" онлайн шығармалар байқауы жаңімпазы Сейдуалы Нұрсая 7 “ә” сынып оқушысы » СШ №46
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
«№46 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7262) 54-64-66
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54-64-66
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Мемлекеттік рәміздер-мақтанышым" онлайн шығармалар байқауы жаңімпазы Сейдуалы Нұрсая 7 “ә” сынып оқушысы
20
қаңтар
2021

"Мемлекеттік рәміздер-мақтанышым" онлайн шығармалар байқауы жаңімпазы Сейдуалы Нұрсая 7 “ә” сынып оқушысы

“Мемлекеттік рәміздер-мақтанышым”

Бүгінде жастарды патриоттыққа тәрбиелеудің түрлі жолдары қарастырылып келеді. Соның бірі жастар, жас өрендер арасында ұлттық нақыштарымыз рәміздерді насихаттау. Рәміз – бұл мемлекеттің төлқұжаты десе артық айтпаған болар едік. Рәміздерді насихаттаудағы мақсат – әрбір жас буын жеткіншектің Отан, Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту. Қазақстан Республикасының рәміздері туарлы түсініктерін қалыптастыру. Оларды Отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.
 Батырлықтың уызына жарыған,
 Ер түркіні байрағынан таныған
 Өзі ақын, өзі әнші халықта,
 Кім айта алар болмаған деп Әнұран –деп ақын жырға қосқандай, гректің «гимн» сөзі қазақша «ұран», «ұран салу» деген ұғымды білдіреді. Басқа ұлттар секілді қазақ елінің де әрбір ру - тайпасының өзіне тән таңба белгілері, жалауымен қатар, Әнұраны да болған. Елді жау шапқанда жер - жердегі сарбаздарды жинауға ат шаптырып, ұран салады, хабар береді. Кезінде сарбаздарға рух берген, жауға қарсы ерлікпен күресе білуге жұмылдырған.
 
 Ежелден ер деген,
 Даңқымыз шықты ғой.
 Намысын бермеген,
 Қазағым мықты ғой!
 Ұрпаққа жол ашқан,
 Кең байтақ жерім бар.
 Бірлігі жарасқан,
 Тәуелсіз елім бар.
 
 Әнұранында жазылған өлең шумақтары – адамға зор рухани әсер беретін күштің, халықтың, ұлттың, мемлекеттің, елдің бірлігінің нышаны сипатталады.
 Ал еліміздің көк туына келер болсақ. Ту – бейбіт кезде құрметпен сақталып, ол тек жаугершілік кезде ғана шығарылып отырған. Тудан айырылу – өліммен тең болған. Бауыржан Момышұлы айтқандай «Ту – қасиет! Ту – әскерлердің ар намысы»! Тарих беттеріне көз жүгіртсек, қазақ жеріне көз тігушілер аз болмаған. Сондай бір қиын - қыстау кезеңде ұлы дана бабаларымыз Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би ордабасындағы жиыннан кейін, Әбілхайыр хан үш жүздің басын қосып, Бөгенбай батырға қазақтың туын ұстатқан екен.
 1992 жыл 4 - маусым – қазақ елінің тарих бетіне алтын әріптермен
 жазылатын елеулі күн. Дәл осы күні Республика Жоғары Кеңесі тәуелсіз ҚР - ның мемлекеттік Туы мен Елтаңбасын бекітті. 1992 жылы маусым айында тұңғыш президент Н. Ә. Назарбаев ұлт Туына тағзым етті.


294 сөз


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив