12
мамыр
2019
«Киелі жерлерге саяхат»
[/center]
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламын іске асыруда «Туған жерге тағзым» аясында оқушылармен киелі орындарға саяхат жасап, елжандылық сезімін нығайтты. Мақсаты – қазақ елінің ежелгі астанасымен, өркениет мәдениетімен, ертеден қазақ халқы тәу етіп, зиярат еткен құтты мекен – Түркістан тарихымен таныстыру болды. Саяхат барысында, 174 оқушы, 25 мұғалім қамтылды. Танымдық іс-шара барысында оқушылар ер түріктің бесігі атанған қаланың қасиетті орындарында болып, тарихи жәдігерлермен танысты. Туған өлкесін тануға келген оқушылар ұйымдастырушылар алқасына дән риза. Саяхат барысында Арыстан баб кешеніне, Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне, Ұлы қорған мен тарихи археологиялық ескерткіштерде болған олар үлкен әсер алғандарын жеткізді. Тарихи жерлерді таныстыру және насихаттау мақсатында оқушыларымыз рухани байып, өздеріне керекті мағлұматтар алып қайтты.