Мектеп директорының қамқоршылық кеңес алдындағы кезекті есеп беру жиналысы
Ағымдағы жылдың 18 қараша күні мектеп директоры Шинбергенов Унталап Кипшакович қамқоршылық кеңес төрағасы мен мүшелері алдында 2019-2020 оқу жылының бірінші жарты жылдығындағы атқарылған жұмыстар және жаңа оқу жылына белгіленген міндеттері туралы жиналыс өткізді.
Күн тәртібінде төмендегідей мәселелелер қаралды.
1. Мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаржының жұмсалуы
2. 2019 - 2020 оқу жылының оқу-тәрбие процесіндегі І жарты жылдық жұмыстарының ұйымдастырылуы
3. Әртүрлі мәселелер
1. Бірінші мәселе бойынша тоқталар болсақ, 2019-2020 оқу жылына республикалық бюджеттен мектебімізге біраз қаражат қарастырылып берілді. Атап айтар болсақ, кеңсе заттарына - 296540 теңге, шаруашылқ заттарына - 426000 теңге, мәжіліс залының ремонтына - 93000 теңге, спорт залының ремонтына - 70390 теңге, турникет ақылды мектеп жобасына - 4500000 теңге және мемлекеттік жалпы білім беру стандарты бойынша аз қамтылған отбасыларына көмек ретінде мектеп формасына қыз балалар үшін - 914000 теңге, қыстық күртеше ұл балалар үшін - 502000 теңге, қыз балалар үшін - 499000 теңге, сөмкелер қыз балалар үшін - 202000 теңге, ұл балалар үшін - 189000 теңге, ақ жейделер алу үшін қыздарға - 216000 теңге, ұлдарға - 209000 теңге, қыстық аяқ - киім үлдарға - 367000 теңге жұмсалынуда.
2. Екінші мәселе бойынша тоқталар болсақ, тәрбие жүйесі – оқу үдерісі арқылы, арнайы пәндерді оқыту арқылы сыныптан тыс тәрбие арқылы және ата-анамен жұмыс арқылы әске асырылады. Жалпы мектепте оқу жылы басында 87 сынып комплектісі және 8 мектеп алды даярылық сынып бекітілді. Оның ішінде жалпы орта білім алатын - 76 сынып, түзете дамыта оқыту – 11 сынып бар. 2019-2020 оқу жылының тамыз айынан бастап, «Мектепке барар жол» акциясы ұйымдастырылды. Акция барысында, әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балаларына көмек көрсетілді. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын іс жүзіне асыру үшін іс- шара жоспарын құрылды, хабарландыру жасалынып, мұғалімдер арасында насихаттау жұмысы жүргізілді. 2019 жылдың қыркүйек айынан басында қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігі «Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру» жобасы аясында жоспар жасалынып, ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақ тілі әліпбиі кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» 2018 жылғы №637 жарлығына сәйкес Республика азаматтарын жаңа қазақ әліпбиімен сауатты жазуға үйрету мақсатында 2019жылдың 10 қыркүйегінде латын қарпіне негізделген қазақ әліпбиін қолданып жалпықазақстандық ашық диктант күнін Утепбаева Нұржамал Сейсенбекқызы ұйымдастырды. Диктант қорытындысы бойынша:
№ | Қатысушылар | саны | Өте жақсы | жақсы | қанағаттанарлық |
1 | Мектеп әкімшілігі | 5 | 3 | 2 | - |
2 | Мұғалімдер | 22 | 9 | 9 | 4 |
3 | Оқушылар | 20 | 14 | 6 | - |
4 | Кіші қызметкерлер | 11 | - | 7 | 4 |
Қорытынды | 58 | 26 | 24 | 8 | |
Қыркүйек айында, білім күніне арналған «Саналы ұрпақ-жарқын болашақ» атты сынып сағаттары ұйымдастырылды. Мектепте әр аптаның дүйсенбісінде бірінші сабақта мемлекеттік гимнді орындаумен басталады. «Көше ережесін білу - басты міндетіміздің бірі“ атты сынып сағаттары ұйымдастырыып, арнайы мамандармен кездесулер өткізілді. Мектеп психологтары мен қызжібек қыздар клубы бірге «Қыз еркем – анасымен көркем» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Мектеп кітапханашылары „Рухани жаңғыру – ұлттың болашағы“ атты оқырмандар конференциясын өткізді.
Жоспар бойынша 2018-2019 оқу жылының қорытындысы бойынша облыстық жарыстан 1 орын алған мектеп оқушылары 9 «А» сынып оқушысы Қанатбекова Шұғыла мен 10 «А» сынып оқушысы Мейірбекова Құралай Көкшетау қаласы Бурабай курорты Жұлдыз лагерінде өткен «Менің Отаным -Қазақстан» атты Республикалық слетке қатысты. Туристік экспедициялық слетке қатысып, оқушыларымыз «Туған өлке соқпақтары» кезеңінде 14 облыс ішінен 1 орын иеленді. Нәтижесі «Қазақстан ғажайыптары оқушылар көзімен» тақырыбында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Утепова М.Ж. «Әулие – Ата» газетіне жариялады.
А. Байтұрсыновтың туған күніне орай, «ҚР халықтарының тілдері күні» мерекесі жоспарланды. Жоспарға сәйкес, Есмаганбетова Бекзат Куанышқызы «Тіл достықтың алтын көпірі» эрудиттер сайысы 9- сыныптар арасында өткізді. Сайыс соңында жеңімпаздар анықталып, мараппаталды. «Тіл – тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» атты 5-сыныптар арасында мектеп кітапханашысы Есимбекова А. ұйымдастыруымен көрме ұйымдастырылды. Мақсаты оқушыларды туған халқының тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу болды. Ағылшын тілі пәні мұғалімдері А.Мустафаева мен Ж.Сегізбаева «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» атты 4- сыныптар арасында сыныптан тыс сағатын өткізді. Мектеп тәлімгері Тажимұратова С. Жас Ұлан Республикалық бірыңғай балалар ұйымымен «Тіл тәуелсіздігі - Ел тәуелсіздігі» атты дөңгелек үстел өткізді. Мақсаты, тіл – мемлекеттің тұғырлы тірегі, халықтың рухани байлығы, өткені, болашағы екендігі айтылды. Зарпулова Толқын Мамбеталиевна 4 «А» сыныбымен «Тілі басқа – тілегі бір, жүзі басқа – жүрегі бір» атты ашық тәрбие сағатын өткізді. Мақсаты: оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету болды. Винаева Елена Александровна 3 «З» сыныбымен «Мой многоязычный Казахстан» атты ашық тәрбие сағатын өткізді. Мақсаты: көп тілді меңгерген халықтар мен ұлттар арасындағы достастықты көрсету болды. Қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің ұйымдастыруымен «Қазақстан - ұлттарды біріктіруші – ел» атты «Орыс тілі мен әдебиеті», «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Ағылшын тілі» пәндері бірлестігі арасында байқау өткізілді. Байқау нәтижесінде, 1 орын орынды «Қазақ тілі мен әдебиеті», 2 орынды «Орыс тілі мен әдебиеті», 3 орынды «Ағылшын тілі» пәндері бірлестігі иеленді.
Қазан айында, қарттарым асыл қазынам дегендей, қарттар күніне орай ашық сынып сағаттары ұйымдастырылып, сынып сағаттарына қарттар шақырылып оқушылар өз өнерлерін көрсетті. Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауын ұжымда талдау жұмыстарын жүргіздік. „Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру“ атты жолдауға қолдау жасалынып, мектеп оқушыларына сынып сағаттарында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. „Ұстазы жақсының, ұстамы жақсы“ атты салтанатты жиын өткізілді. Ұстазыма мың тағзым демекші, Жас Ұландықтар қызыл кілемше төсеп мұғалімдерімізді таңертеңмен күтіп алып, ерекше көңіл күй сыйлады. „Қыз Жібек“ қыздар клубы мен мектеп медбикесімен бірлескен түрде «Қызға қырық үйден тыю» атты ерте жүктіліктің алдын алу, етеккірдің келуі сияқты мәселелер қарастырылды. Туған жерге тағзым бойынша, «Өз жеріңді танып біл» атты жоба іске асырылды. 5-6 сыныптар арасында жоспар жасалынып, Арипова Мөлдір 5«Е» сыныбымен «Көне Тараз» музейіне барып, археологиялық саябаққа барып, археологиялық қазба жұмыстарының нәтижелерімен танысты. Оқушылардың музейде болу мақсаты «І-ХІХ ғасырлардағы ежелгі Тараз» ескерткішінің аумағын «Көне Тараз» тарихи-мәдени археологиялық саябағымен танысып, өз жерін танып білу. Оқушылар музейдегі қалашық аумағындағы нысандар құрылысының аумақтық шекаралары нақтыланып, қазба жұмыстары кезінде табылған тұрғынжайлардың орны анықталды. Табылған экспонаттар мен жәдігерліктер қатарында теңгелер, қыш бұйымдар, қыш құбырлар арқылы жүргізілген ежелгі сумен қамтамасыз ету жүйесі және орта ғасырдағы басқа да заттар бар екенін көріп тамашалады. Абишева Жансая 5 «А» сыныбымен Төрткүл керуен сарайындағы қазба жұмыстарының нәтижесінде табылған түрлі қыш ыдыстар, арабша жазуы бар мыс тиындар, жебе ұштары, үзеңгі секілді ат әбзелдері, бөлмеде орналасқан қазан ошақтары, сақтау қоймалары ғылыми-лабороториялық зерттеумен айқындалып, қазба барысында табылған заттай деректер Алматыдағы археология институтына жіберілгендігін тамашалады. Кейін арнайы лабороториялық зерттеуден өткізіліп, облыстық музейдің сақтау қорына өткізілгендігі туралы білді. Манабаева Айнұр 5 «Б» сыныбымен Айша бибі кесенесі ХІ-XII ғасырлардағы сәулет өнерінің көрнекті ескерткіш екендігін көріп қайтты. Жамбыл облысы Жамбыл ауданында Айша бибі ауылында орналасқан кесененің сырты керамикалық плиталармен қаланып, ойып жасалған өрнектің сән-салтанаты мен сан түрлілігі жағынан Қазақстандағы басқа мемориалдық-дәстүрлік ескерткіштер ішінде оған тең келетіні жоқ екендігін көріп қайтты. Шығанбаева Назира 6 «В» сыныбымен Қарахан баба кесенесі ортағасырлық сәулет өнерінің жемісі екендігін көрсетті.
Қараша айында, «Алтын күз» мерекесі аясында 1-4 сыныптар арсында сынып сағаттары өткізілді. 5-6 сыныптар арасында жемістер сайысы, 8-10 сыныптар арасында, күз ханшайымы, күз ханзадасы таңдалды. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттігінің нышандары мен мемлекеттік рәміздері» апталығы өтілді. Апталықты мектеп тарихшылары өткізді. Апталықта Тараз қаласының ішкі саясат бөлімінің маманы келіп, өз баяндамасын оқып, оқушыларды патриоттық тәрбиеге шақырды. Елін, жерін сүюге баулыды. Қарашаның 12 жұлдызында ҚР – 100 жаңа есімі тақырыбында 6-7 сыныптар арасында КТА ойыншысы Арман Жаналиевпен кездесу өткізілді. Оқушылармен кездесу барысында оқушыларға рухани – адамгершілік тәрбиемен қатар патриоттық сезімдер аясында ой қозғалды. Ашық сұхбат кең көлемде болды. Желтоқсан айында тұңғыш президент күніне орай, отанын сүйіп, елін, жерін қастерлеп, тілі мен дінін құрметтеу мақсатында патриоттық жанрда 8 сыныптар арасында «Елін сүйген, елі сүйген – Елбасы» тақырыбында ашық салтанатты жиын өткізгелі отыр. Қорыта айтқанда, әр айда сынып жетекшілердің жиналысы, әр тоқсандық ата-аналар жиналысы уақтылы өткізілуде. Сынып сағаттарына ата-аналар қатысып, өз ойларымен бөлісуде.
3. Үшінші мәселе бойынша оқушылардың жаңа жылдық іс-шараларының мектеп қабырғасында ұйымдастырылатындығы айтылды және атаулы іс-шараға ақша жинамау туралы нақты айтылды.Жиналыс соңында ата -аналар толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, өз ойларымен бөлісті. Сонымен қатар ата-аналар тарапынан оқу жылының І жарты жылдығын аяқталуына байланысты ұстаздар қауымына ризашылық білдіріп, құттықтаулар айтылды.