Құқық бұзушылықтың алдын-алу жұмыстары » СШ №46
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
«№46 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7262) 54-64-66
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54-64-66
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Құқық бұзушылықтың алдын-алу жұмыстары
06
қыркүйек
2019

Құқық бұзушылықтың алдын-алу жұмыстары

           №46 орта мектеп бойынша  2019-2020 оқу жылының қыркүйек айында оқушылар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу және олардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында атқарылатын іс-шаралардың жоспары жасалынып, бекітілді, бұйрық шығарылды.

           2019 жылдың 6 қыркүйегінде мәжіліс залында 5-11 сынып оқушыларына директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары    Ахметова Г.М. ,Утепова М.Ж. , «Азамат» ұлдар клубының жетекшісі Нүсіпбаев Ж.Қ.,  мектеп инспекторы                  Әбенов Б.М.  жиналыс жасап, мектептің ішкі тәртіп ережесімен таныстырды.  Оқушылардың әлеуметтік теңсіздікті тудыратын смартфонды сабаққа әкелуіне, міндетті мектеп формасын сақтамайтын, атрибутикалық киім және оқушыға жат шаш үлгісінде келуіне тыйым салынатындығы ескертілді.

Қауіпсіз  жол  сызбасының   маңыздылығы туралы айтылып,  оқушыларға таратылды.  Мектеп инспекторы  Жол жүру ережелерімен таныстырып, бағдаршам мен жаяу жүргіншілерге арналған жолақтан өту ережесін түсіндірді.

Оқушылардың қатысуымен немесе оқушыларға қатысты жасалатын қылмыстардың алдын алу мақсатында жайсыз отбасылар мен қиын жағдайға түскен жанұялардың үйлерін сынып жетекшілері, мектеп инспекторы, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары  Ахметова Г.М. аралап, оқушылардың тұрмыс жағдайын тексерілді.

Ауысым арасында және ІІ ауысымның соңғы сабағында педагогтар тарапынан кезекшілік кестесі жасалынып, бекітілді.

Мектептің  бекітілген аумағына , ойын-сауық демалыс орталықтарына, шағын базарларға қыркүйектің бейсенбі, жұма күндері кезекшілік  кестесі жасалынып,   ер мұғалімдерден  құралған  рейд  ұйымдастырылды.




Директордың  тәрбие ісі  жөніндегі    орынбасары                                    Ахметова Гүлбарам   Молдаханқызы              

Похожие публикации:

20 қыркүйек 2019 Маңызы зор кездесу
13 мамыр 2019 Хабарландыру!
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив