Маңызы зор кездесу
2019 жылдың 20 қыркүйегінде №46 орта мектебінде Тараз қалалық әкімдігі ішкі саясат бөлімі Дін проблемаларын талдау секторының меңгерушісі Зүнінқожа Зұлхарнайн Бұрханұлы «Дін және зайырлы қоғам» тақырыбында 9 сынып жетекшілері мен оқушыларына жиналыс жасап, әңгіме жүргізіп, кеңес берді. Бүгінгі таңда еліміздің діни ахуалына талдау жасау барысында халқымыздың 80 % -ға жуығы ислам дінін ұстанып, рухани құндылыққа бет бұрып жатқандығы және олардың басым бөлігін жастар құрайтындығы жайлы айтты. Радикалды ағым идеологтары дінді, діни шешендіктің ерекше әдістерін қолдана отырып, жастарға теріс ықпалын тигізіп жатқандығын фактілерді алға тарта отырып мағлұмат берді. Тақырыпқа сәйкес бейнероликтер көрсетіп , түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ахметова Г.М. және «Азамат» ұлдар клубының жетекшісі, «Зайырлылық және дінтану негіздері» курсының мұғалімі Нүсіпбаев Ж.Қ. берілген ақпараттарды назарға алып,талаптарды орындап, алынған мәліметтерден қорытынды шығарып, адам санасын улайтын жат ақпараттардан бойын аулақ салуды ескертті.
Директордың тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары Ахметова Гүлбарам Молдаханқызы