04
наурыз
2019
Су тасқынының алдын алу жаттығулары
Су тасқынының алдын алу жаттығулары
2019 жылы 26 ақпанда №46 мектепте 2019 жылғы 1 ақпандағы Тараз қалалық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысының шешімі негізінде жалпы қалалық «Көктем 2019 » атты сейсможаттығу ұйымдастыру туралы хатын негізге ала отырып, басшылық құрамы, мектеп қызметкерлері мен оқушылары арасында су тасқынының алдын алу мақсатында сейсможаттығу өткізілді.
Жалпы жаттығуға қатысқан адамдар саны: 1795. Мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерден 75 адам, кіші қызметкерлерден 18 адам және І, ІІ ауысым бойынша 1702 оқушы қатысты.
Мектеп оқушылары мен мұғалімдерге, кіші қызметкерлерге жалпы қалалық сейсможаттығудың дабыл белгісі берілетіні хабарланды, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Әр мектеп қабаты мен баспалдақтарына кезекші мұғалімдер тағайындалды. Мектептің қосалқы есіктері ашылды.
Жалпы қалалық сейсможаттығудың дабыл белгісі берілген кезден бастап мектеп оқушылары мен мұғалімдері, кіші қызметкерлер қауіпсіз орынға сапқа тұрды. Сынып жетекшілері өздерінің сыныптарымен бірге сапқа тұрғызылды. Мектептің алғашқы әскери дайындық мұғалімі С.Қ.Байқонысов азаматтық қорғаныс бастығы О.Қ.Шынбергеновке рапорт берді. Жаттығу барысында ешқандай келеңсіз жайттар орын алған жоқ. Азаматтық қорғаныс штаб бастығы Ахметова Г.М мектеп оқушылары мен мұғалімдерге сейсможаттығу нәтижесін баяндап, су тасқыны орын алған жағдайда қандай әрекет ету керектігін түсіндіріп өтті. Мектеп медбикесі Диданбекова А.А. оқушыларға адамның жарақаттанған кезінде көрсетілетін алғашқы көмек түрлерін насихаттап , көрсетіп берді.
Табиғат апатынан сақтану бағытында өткізілген мұндай сейсможаттығулардың маңызы өте зор.
Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ахметова Гүлбарам Молдаханқызы
[/center]