«Сабақты зерттеу тәсілін мектеп тәжірибесіне енгізудің тиімді жолдары» » СШ №46
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
«№46 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7262) 54-64-66
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54-64-66
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Сабақты зерттеу тәсілін мектеп тәжірибесіне енгізудің тиімді жолдары»
16
сәуір
2019

«Сабақты зерттеу тәсілін мектеп тәжірибесіне енгізудің тиімді жолдары»

Қазіргі кезде Сабақты зерттеу тәсілі қазақстандық орта білім беру жүйесі мен мұғалімдерді қайта даярлау жүйесінде кеңінен қолданылуда. Соңғы 3-5 жыл көлемінде мектептер өздерінің тәжірибесінде НЗМ-нің Сабақты зерттеу тәсілін қолдануда.

Сабақты зерттеу:
•оқушылардың оқу дағдыларының дамуына, оқуының жақсаруына, өзін-өзі тануы мен танытуына;
•Мұғалімдердің сабақты зерттей отырып өзінің әдіс-тәсілін оқушының оқуының жақсаруына бағыттауына, оқу процесін басқа әріптестерімен бірлесе отырып басқаруына;
•Мектептің мәдениетінің қалыптасуына, яғни мұғалімдердің кәсіби даму (оқу) ортасының қалыптасуына мүмкіндік береді.

Тараз қаласындағы № 46 орта мектебінде 2019 жылдың 10 сәуірі күні Сабақты зерттеуді жоспарлау, ұйымдастырып өткізу, құжаттау тәжірибесімен бөлісу мақсатында «Сабақты зерттеу тәсілін мектеп тәжірибесіне енгізудің тиімді жолдары» тақырыбында қалалық семинар-практикумы өткізілді.
Семинар-практикумда мектеп соңғы 3 жылда зерттеу топтарының Сабақты зерттеу тәсілі бойынша жүргізген жұмыстарының нәтижесімен, Сабақты зерттеу барысында жинақтаған тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар жұмысының теориялық бөлімінде мектеп директоры У.К.Шинбергенов Сабақты зерттеу тәсілі 2016-2017 оқу жылынан бері мектеп тәжірибесіне енгізілгені және тұрақты жүргізіліп келе жатқаны туралы, осы кезең аралығында зерттеу тобындағы мұғалімдердің қол жеткізген жетістіктері туралы айтып өтсе, директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Г.Д.Джумакадырова мен ПШО-ның Тараз қаласындағы филиалының тренері Ш.К.Альтаева «Сабақты зерттеудің практикалық тәсілдері», «Сабақты зерттеу – бірлескен оқу тәсілі» тақырыптарында баяндама жасады.
Постер-сессия бөлімінде зерттеу тобы мүшелері М.И.Юсупова, С.Б.Темиржанова, М.Ю.Воскобойникова, А.Т.Аптауова, Қ.Б.Әлімбекова, Н.А.Саурыковалар семинарға қатысушыларға мектепте жүргізілген Сабақты зерттеу қорытындысы бойынша ақпарат берді.
Семинардың практикалық бөлімінде 4 «З» сыныбында «Мерекелер» (қазақ тілі пәні М.К.Торгаева ), 5 «Ж» сыныбында «Нахождение процентов от числа и числа по его проценту» (математика пәні А.К.Батырбаева), 6 «В» сыныбында «Экологиялық пирамиданың ішінде энергия алмасу қалай жүзеге асады?» (география пәні А.Н.Пралиева) зерттеу сабақтары, зерттеу тобының модераторлары Н.А.Саурыкова, Ф.Н.Оспанова, М.С.Божымбаевалар «Жоғары деңгейдегі сұрақтар қою 6 «В» сыныбы оқушыларының сыни ойлау дағдысын қаншалықты жақсартады?», «Как формативное оценивание повышает интерес учащихся 5 «Ж» класса ?», «Сотрудничество учащихся 4 «З» класса как эффективный метод улучшения взаимоотношений» тақырыбындағы шебер-сыныптар жүргізді.
Семинар-практикумға арнайы шақырылған ПШО-ның Тараз қаласындағы филиалының менеджер-әдіскері Н.М.Турысбекова, тренерлері Ш.К.Альтаева, А.Ш.Джуруновалар «Сабақты зерттеу тәсілін жүргізуде кездесетін кедергілерді шешу жолдары», «Зерттеу сабағында бақылау жүргізудің әдістерін қолдану жолдары», «Выявление вопроса исследования» тақырыбында коучингтер жүргізді.
Семинар жұмысы «Еркін микрофон» әдісімен қорытындыланды.
Семинарға қатысушы әріптестер семинар жұмысы барысында өздерінің Сабақты зерттеу тәсілі бойынша тың мәліметтер алып қана қоймай, зерттеу сабақтарын бақылау, сабақтарды талдаудың үлгісін көру, коучинг пен шебер-сыныпқа қатысу арқылы кәсіби шеберліктерін шыңдап, әдістемелік көмек алғандарын, осындай өзекті тақырыпқа семинар ұйымдастырған мектеп әкімшілігі мен өз тәжірибелерін ортаға салған зерттеу тобы мүшелеріне алғыстарын білдірді.
ПШО-ның Тараз қаласындағы филиалының тренері Ш.К.Альтаева мектеп директоры У.К.Шинбергеновті, директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Г.Д.Джумакадырованы, зерттеу тобының мұғалімдерін ПШО-ның Тараз қаласындағы филиалының арнайы Алғыс хаттарымен марапаттады.
Мектеп басшысы өз кезегінде ПШО-ның Тараз қаласындағы филиалының тренері Ш.К.Альтаеваға осы семинарды өткізуге көрсеткен көмегі үшін алғысын білдіріп, Құрмет грамотасын тапсырды.












Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив