18
қараша
2020
Кездесу "Жаса, жайна, Қазақстан!"
Тараз қаласындағы #46 орта мектебінде 10 "ә" сынып оқушыларымен "Жаса, жайна, Қазақстан!" тақырыбында Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрлігі Әуе Әскери Күштерінің отставкадағы майоры Айтуған Төлендиевпен кездесу өткізілді. Кездесу барысында сұрақтар қойылып, оқушылар әскери адам өміріне қызығушылық танытты. А. Төлендиев оқушыларға өзін Б. Момышұлының қанатты сөздерін өмірлік ұстанымы болғанын, Бауыржан ата сөздерінен өзіне күш-қуат алатындығын айтып оқушыларға патриоттық тәрбие бере білді. Б. Момышұлы толғауларының сөзіне ән жазған. "Ей, адамдар!"," Қорқамын" деген әндердің авторы.Кездесу соңында оқушылар өз ақыл-кеңесін аямай айта білген ағаларына үлкен алғысын білдірді. Кездесу өте жоғары деңгейде өтілді.