07
ақпан
2020
«Марселен Каматэмен» мектеп түлегімен кездесу
2020 жылдың 7 ақпанда Марселен Каматэмен кездесу өткізілді. Марселен Каматэ № 46 орта мектебін 2010 жылы бітіріп кеткен. Марселен Каматэ танымал теле жүргізуші, Астана футбол клубында ойнаған, Нархоз-2 атты сериалға түскен актер. Марселен Каматэмен кездесу үшін 10 сынып оқушылары жиналды. Кездесу барысында Марселенге көптеген сұрақтар қойылды. Мысалы: «Осы дәрежеге қалай жеттіңіз?», «Өмірлік ұстанымыңыз қандай?», «Мектепте алған білім болашақта қажет бола ма?», «Киноға түскенде қандай қиындықтарға тап болдыңыз?», «Қызықты оқиғаңыз?» т.б. сұрақтар қойылып пікір алмасты. Қоғамда болып жатқан мәселерге көзқарасы жайлы біраз пікір алмасты. Өзінің еңбек жолын қалай бастағанын айтып берді, және оқушыларға алдағы уақытта жақсы жетістікке жетудегі үздік мақсаттарын дұрыс айқындап алуға кеңес берді.Оқушылардың мамандық таңдауда қателеспеуінің өте маңызды екенін айтып өтті. Сөз кезегін директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Утепова Мөлдір Жеңісбекқызына берілді, өз сөзінде Марселенге алғыс айтып. Оқушылар Марселенге өте риза болып, Марселенге «екінші болма» кітабын және бірнеше сыйлықтар жасап, естелікке сурет түсіп тарқасты.