13
наурыз
2020
« Ауғанның отты жалыны »
13.02.2020 жылы 6-7 сынып оқушыларымен « Ауғанның отты жалыны » атты мерекелік іс-шара өтті. Мәжіліс залында ұйымдастырылған кеште мектеп басшылығымен ауған соғысына аттанып, аман оралған бүгінгі күннің батыры болған ағаларымыз қонақта болды. Кеште мектебіміздің директоры О.Қ. Шынбергенов ардагерлерге алғыс айтып, жылы тілектерін білдірді. Кешке келген батыр ағалардың отты жылдардан қалған естеліктерін оқушылар зор тебіреніспен тыңдады. Жастарға бейбіт күннің қадірін білуге шақырды. Өткізілген іс-шарада мектеп оқушылары арнайы дайындаған қойылымдарын көрсетті. Кеште 9-сынып оқушысы Дарина қазақша би биледі. 4- сынып оқушысы Диас «Мен қазақпын» атты әнін орындап шықты. Кеште 6-сынып оқушысы Данияр домбырамен күмбірлеген күй орындап кештің шырайын аша түсті. Кештің соңында оқушылар ардагерлермен естелік суретке түсті. Іс-шараның мақсаты: өскелең ұрпақты бейбіт күннің қадіріне жетіп, тәуелсіздікті қастерлейтін азаматтарды өсіру.