« Абай-дана,Абай-дара қазақта»
№46 орта мектебінде Ұлы Абайдың – 175 жылдығына орай «Абай – дана , Абай – дара қазақта» атты салтанатты кеш өткізілді. Салтанантты кешті бастау үшін мектебіміздің директоры Шынбергенов Оңталап Қыпшақұлы сөз сөйледі. Ұлы Абайдың – 175 жылдығына арналған кеште мектебіміздің барлық сынып оқушылары ат салысты. Бұл кеште оқушылар Абайдың қара сөздерін оқып, жиналғандарды терең ойға жетеледі. « Шашу » би тобының мың бұрала билеген мектебіміздің бастауыш сынып оқушы қыздарының ұлттық билері кешіміздің шырайын аша түсті. Биден соң «Абай армандап өткен ару» атты драмасы қойылды. 5-сынып оқушылары Абайдың жылдың төрт мезгіліне арналған өлең жолдарын арнайы дайындалған қойылыммен оқып шықты. Кешімізде қатысушылардың орындауымен Абайдың халқымызға кең тараған «Көзімнің қарасы» әні орындалды. Салтанатты кешіміз жүргізушілердің қорытынды сөздерімен, жиналғандардың тамаша көңіл-күйімен аяқталды.