02
наурыз
2020
« Алғыс айту »
№ 46 орта мектебінде 2020 жылдың 1-наурызында «Алғыс айту» күніне арналған іс-шара ұйымдастырылды. Мәжіліс залында 1-10 сынып арасындағы оқушылардың шетелдік, облыстық, қалалық байқауларға қатысып, жүлделі орындармен оралған мектеп мақтаныштарына алғыс айтылды. Мектеп басшылығы тарапынан «Алғыс хат» пен марапатталды. Мектеп алаңында 6-сынып оқушыларының қатысуымен ән айтып, би билеп, флешмоб ұйымдастырылды. Мектеп оқушыларының ата-аналарына, сүйікті мұғалімдеріне арналған ашық хаттарымен ізгі тілектерін жолдауға арналған жәшік мектеп кіреберісіне қойылды. Бастауыш сынып оқушылары өздері жасаған ашық хаттарын көрсетті. Жоғары сынып оқушылары аналары мен сүйікті мұғалімдерінің портретін салып алып келді. Іс-шараның мақсаты: адамилық қасиеттерді ұмытпай, үлкенге құрметпен кішіге ізетпен қарайтын ұрпақты тәрбиелеу.