Адалдық сағаты
2019-2020 оқу жылындағы Тараз қаласы №46 орта мектебі мен Жамбыл облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимылдар департаментімен бірлесіп өткізілген «Адалдық сағаты» атты ашық сұхбат отырысының
ХАТТАМАСЫ
Өткізілген күні: 06.11.2019ж
Өткізілген орны: №46 о/м, мәжіліс залы
Өткізілген уақыты: 12:00
Қатысушылар: мектеп директоры, мектеп әкімшілігі, педагогтар (сынып жетекшілер), мектеп инспекторы, 9-11 сынып оқушылары
Барлығы: 153 адам
Өткізу форматы: Ашық сұхбат
Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
- «Адалдық жүрген жерде- адамдық жүреді»
Баяндамашы: Жамбыл облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің аға офицері Алдабеков Жазылбек Рахманбердіұлы
- «Адалдық- адамдықтың белгісі»
Баяндамашы: мектеп директоры Шынбергенов Оңталап Қыпшақұлы
- Сұрақ – жауап
1 – мәселе бойынша, Жамбыл облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің аға офицері Алдабеков Жазылбек Рахманбердіұлы сөз алды. Ол өз сөзінде, «Адалдық- адамдықтың белгісі» екендігін айтты. Өмірден әр түрлі мысалдар келтіріп, дамыған елдердің қазіргі таңда қалай өмір сүріп жатқанын жеткізді. Адам боп, өзін-өзі меңгермесе,- демекші әр адам дүние есігін ашып шыр етіп өмірге келген күннен бастап жүрек қалауымен , ата-анасының берген тәрбиесімен, жақсылық жамандықты көре жүріп өмір сүре бастайды. «Дүниеде әділдік пен адалдықты ту еткен адамнан артық ешкім жоқ» деп өз сөзінде оқушыларды адал болуға шақырды. «Адалдық жүрген жерде-адамдық жүреді»дегенді қалай түсінесіңдер? ,- деп пікір – талас тудыратын сұрақ қойды. Оқушылар өз түсініктерін, өз ойларын айтты. Алдабеков Жазылбек өз сөзінде оқушылар тек білім ғана алып қоймай, сонымен бірге тәрбие алу керек деді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің атқарып жатқан жұмыстарымен бөлісіп, сыбайлас жемқорлықтың салдармен емес, олардың себептерімен күресу керек деді. Жасөспірімдер арасында парасаттылықты, ізгілікті, адалдыққа бағытталған іс – әрекеттер жасау керектігін айтты.
2 – мәселе бойынша, мектеп директоры Шынбергенов Оңталап Қыпшақұлы сөз алды. Ол өз сөзінде, адалдық – адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі екендігін айтты. Адам бағасының бір өлшемі "Адалдық” деген сөз шыншылдық, айнымастық, шын берілгендік сияқты игі қасиеттері деді. Қазақ пайымында адам бойында адалдық - пәктік, ар-ұждан, жан тазалығы тәрізді т.б. асыл қасиеттердің жиынтығынан тұрады. Сондықтан, көшпелі қазақтардың адамгершілік, адалдық қасиеттері тұрғысынан кіршіксіз таза, мәрт болатындығы туралы шетелдік саяхатшылардың қолжазбалары мен күнделіктерінен де кездестіруге болатындығын айтты.
3-мәселе сұрақ – жауап бөлімі болды. Оқушылар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын маманға бағыттады.
1-сұрақ 9 «А» сынып оқушысы Қанатбекова Шұғыла қойды. Ол өз сұрағында, «-Егер, пара беруші қылмыс үстінде ұсталатын болса қандай шара қолданылады? – деп сұрады..
Жауап: Қазақстан Республикасы заңнамаларының баптары бойынша, жауапкершілікке тартылады
2-сұрақ: 9 «В» Бекбаева Малика «-Дүниежүзінде дамыған елдерде неге парақорлық аз?»
Жауап: Себебі, ол елдерде сыбайлас жемқорлыққа паратын іс-әрекеттерге төзбеушілік мәдениеті қатаң түрде қалыптасқан
3-сұрақ: 9 «Б» Бақытжанқызы Ақбота сынып оқушысы «-Ұстаздар, білім күні мерекесінде мұғалімдерге сыйлық беру сыбайлас жемқорлыққа жата ма?»- деп сұрады.
Жауап: Мектеп мұғалімдеріне гүл беру ол жемқорлыққа жатпайды, керісінше мұғалім мәртебесін көтереді, ал егер мұғалімнің туған күніне, басқа мерекелереге қымбат бағалы сыйлықтар беру ол жемқорлыққа жатады.
Ұсыныстар:
- Сынып сағаттарында адалдық, парасаттылық және ізгілік адами құндылықтар насихатталсын;
- Оқушылар бойында патриоттық, рухани-адамгершілік тәлім-тәрбиесі қалыптастыру жұмыстары жалғасын тапсын.
Шешім:
- «Адалдық сағаты» атты ашық сұхбат жүргізу барысындағы баяндамалар назарға алынсын;
- Сынып жетекшілер сынып сағатында адалдыққа тәрбиелейтін, адам бойында ізгілік пен парасаттылыққа баулитын жұмыстар жүргізу жалғастырылсын.