«Жақсылық жасаңдар, қайырымды болыңдар!»
«Жақсылық жасаңдар, қайырымды болыңдар!»
Қайырымдылық — айналасындағы адамдарға деген ықыласы мен көмегін, адамгершілік қарым-қатынастарын білдіретін, адамның асыл қасиеттерінің бірі. «Кісіні кейде таршылық сынайды, кейде баршылық сынайды» – деп бекер айтылмаған болса керек. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының аясында Тараз қаласының батыс қақпасынан кірер жолдың бойында алыстан мұнартып көз түсетін еңселі ескерткіштің бірі «Қазақ хандығы» монументін тазартуға мектеп тәлімгері мен 8 «А» сынып оқушыларының белсенділері және сынып жетекшісі Абдразақов Бақытжан Абдурасылулының ұйымдастыруымен «Жақсылық жасаңдар, қайырымды болыңдар!»- деп ұрандатып ескерткіш айналасын тазартып қайтты. Ескерткіш Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына арналып салынған. Монумент Тәуке хан көшесінің бойындағы қаланың ең көрікті алаңдарының бірінде орналасқан. 2017 жылы «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясындағы Қазақстанның өңірлік қасиетті нысандар тізіміне енген.





