«Анамның ізгі жолы-үлгі» атты онкүндік
«Анамның ізгі жолы-үлгі» атты онкүндік
7 қазан күні «Анамның ізгі жолы-үлгі» атты онкүндіктің ашылуы өтті. Онкүндікте іс-шараның жоспары таныстырылып, ата-аналармен тренинг өткізілді. Ана — отбасы ұғымында — балалы әйел, туған шеше; туыстық байланыста — әже, апа, қарындас, жеңге, балдыз, құдағи, құдаша т.б. Ана бейнесі ежелден жыр, аңыз желісі болып келе жатыр. Хауа Ана есімі қасиетті кітаптарға түскен. Хәууа — көне еврей және араб тілдерінде “өмір бастауы”, “әнам” — парсыша (кітаби) адамдар, адамзат, қарапайым жандар деген ұғымды білдіреді. Ананың көшпелілер қоғамында алатын орнын, бітім-болмысын жан-жақты ашып көрсететін мұрағаттарды қадым замандардан көптеп табуға болады. Зерттеушілер Қазақстан жеріндегі археологиялық қазбалардан табылған заттарға, кісіні жерлеу ерекшеліктеріне сүйеніп, ежелгі дәуір адамдарының ұғым-нанымында ру басшысы және ошақ иесі ретінде Анаға табынғандығын жазады. Бұған Қазақ даласынан табылған сүйектен ойып, тастан қашап жасалған әйел мүсіндері куә. Қазақстанның солтүстік-батысындағы байтақ даланы, Оралдың оңтүстігін мекендеген сарматтарды (б.з.б. VІІ—VІ ғ.ғ.) Әйел-Аналардың басқарғандығы жөнінде деректер бар. Қазақ қоғамындағы ел аналары мен әйелдердің жайы осы өңірде болған саяхатшылардың да қаламдарына іліккен. Мыс, Дешті-Қыпшақ даласында болған Ибн-Баттута, Марко Поло т.б. әйелдердің жергілікті тұрғындар тарапынан қатты құрметтелетінін таңдана жазған. Ерлер билігі үстемдік еткен дәуірде де қазақ қоғамында Аналар мерейі төмендетілмеген. Қазақстан жеріндегі Аналар атымен аталған жер-су, кешендер, күмбездер, қалалар, тайпа-ру атаулары бұған айқын айғақ бола алады. Мысалы, Қозы Көрпеш — Баян сұлу күмбезі (Аягөз өзені бойында), Бикен-мұнара (Сырдария бойында), Белең-Ана, Жұбан-Ана күмбездері (Сарысу өзенінің бойында) сақталған. Жеке ескерткіштерді былай қойғанның өзінде, орта ғасырлық талғам-түсінікпен тұтас бір қаланың әйел атымен аталғаны дүние жүзінде сирек кездесетін құбылыс. Бұл ретте қазақ даласында Қатын қала, Баршынкент т.б. болғанын атап айту керек. Қазақ қоғамында әйелдің орны ерекше. «Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді» деген тәмсіл бар. Ұлттың болашағы да қазақтың әйелінің қолында. Сондықтан қазақ әйелі отбасы қоғамының ұйытқысы, тәрбиенің берік қорғаны. Халық жадында сақталып қалған Тұмар, Зарина, Бегім, Бопай, Қарашаш, Домалақ, Абақ, Айғаным, Күнбике, Зере тәрізді ханшалардың елі мен жеріне деген сүйіспеншілігі мен ерлік істері бүінгі болашақ ұрпақ жадында. Арыға бармай-ақ қазақ хандығы тұсынан бергі ел билеген Айғаным, қол бастаған Бопай ханымдар, Күнбике, Айбике, Зере аналардың ұлт тарихындағы орны бөлек. Жоғарыдағы аналарымыз, сондай-ақ тарихымыздағы өзге де батыр аналарымыз ақыл-парасатымен, қайтпас қайсарлығымен жұрт билеп көсемдік көрсетті, қол бастап жаугершілікті бастан кешті. Содан да болар тарихтағы ұлы аналарымыздың есімі бір рулы ел болып, ұранға айналды. Шежіре жылнамасын тізбектесек руға айналған аналарымыздың көп екенін қараймыз. Тіпті көп ру ана есімін ру атына беруге арланбаған. Керісінше ру-шежіресін сол аналардың құрметіне арнап, бір қауым елге айналған.
«Бекітемін»
Мектеп директоры
У.К.Шинбергенов
_____________
«___»______ 2019 ж
«Анамның ізгі жолы-үлгі» атты онкүндік
ЖОСПАРЫ
№ | Іс-шараның атауы | Іс-шараның түрі | Мерзімі | Қамтылатын сыныптар | Жауапты |
1 | «Анамның ізгі жолы-үлгі» | Ашылуы | қазан | 7-сыныптар | ДТІЖО, сынып жетекшілер |
2 | «Ақ тілекті аналар» | Ашық тәрбие сағаттары | қазан | 1-4 сыныптар | Саражанова А. Назарова Л. Сынып жетекшілер |
3 | «Аналар ұрпақ шаңырағы» | Ашық тәрбие сағаттары | қазан | 5-8 сыныптар | Батырбаева А. Бегалықызы Б. Сынып жетекшілер |
4 | «Ананың тілегі де, жүрегі де бала үшін...» | Ашық тәрбие сағаттары | қазан | 9-11 сыныптар | Шавейникова А. Сынып жетекшілер |
5 | «Анадан тәлім алған қыз» | Шеберлік сынып | қазан | 6-сыныптар | Айтбаева Г. Тажимуратова С. |
6 | «Отбасы-мейірім бесігі» | Әжелермен кездесу | қазан | 5 «Ж» | Абдибаева Г. |
7 | «Кітап сүйген көркем» | Нақыл сөздер жарысы | қазан | 6 «Ә» | Торғаева Ғ. |
8 | «Қазақтың ару қыздары...» | Іскер аналармен кездесу | қазан | 8 «В» | Мінетова Ф. |
9 | «Қызым саған айтам...» | Ашық сұхбат | қазан | 11 «А» 11 «Б» | Самен Б. Усубалиева А. Сынып жетекшілері |
10 | Тәрбиелі талшын қыз – ана үміті | кездесу | қазан | 8-11 | Диданбекова А. Сынып жетекшілер |
11 | «Анамның ізгі жолы-үлгі» | жабылуы | қазан | 8-сыныптар | ДТІЖО, сынып жетекшілер |
ДТІЖО: М.Ж.Утепова


