12
мамыр
2019
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні
Дүние аналармен көрікті ғой. Көктем мен әйел егіз. Әйел жаны көктемде ерекше құлпыра түседі. Сондықтан да болар, Халықаралық әйелдер күні мерекесінің көктемнің алғашқы күндерінен орын алуы тегін болмаса керек. Ана отбасының алтын қазығы, әйел ғана ізгілікті, сүйіспеншілікті, нәзіктік пен сұлулықты сақтай біледі, дүниеге жаңа өмір сыйлайды. Қымбатты асыл әжелер, мейірімді аналар, сұлу арулар! Мерекелеріңізбен! Осы мақсатта, мектебімізде іс-шара өткізілді. Мектебіміздің ер жігіттері қыздарды құттықтап, қызықты концерт өткізді. Көктем десе күннің шуақты, жылы лебi, анамның аялы алақаны елестейтіні анық. 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесін тікелей анаммен байланыстырылады. Осы мақсатта оқушыларымызға және әріптестеріміздің арасында ұлттық тәрбие берілді.