«Толеранттылық-үйлесімді өзара қарым-қатынас негізі» онлайн дөңгелек үстел
Өтілу орны: Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №46 орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Өтілу мерзімі: 28.01.2021ж; сағат: 18.50-19.30
Өтілу форматы: дөңгелек үстел, Zoom платформасы;
Қатысушылар: 8 «А» сынып оқушылары, Облыстық ата-аналар кеңесінің төрағасының орынбасары, «Асыл Арман ұлттық дәстүр мен өнерді қолдау» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Нұрақбаев Ринат Даниярұлы;
Тарих пәнінің мұғалімі М.Агатаеваның ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 25-ші қаңтарында 8 «А» сынып оқушылары мен «Толеранттылық-үйлесімді өзара қарым-қатынас негізі» атты дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстел Zооm платформасы арқылы қашықтықтан өткізіліп, барлығы 20 оқушы және Облыстық ата-аналар кеңесінің төраға, «Асыл Арман ұлттық дәстүр мен өнерді қолдау» қоғамдық бірлестігінің төрағасы -Нұрақбаев Ринат Даниярұлы қатысты.
Дөңгелек үстелдің мақсаты: Оқушыларға толеранттылық туралы түсінік беру. Көпұлтты Қазақстан Республикасындағы ішкі саяси тұрақтылықтың кепілі этникалық және діни татулықтың қажеттілігін ұғындыра отырып, төзімділікке, ынтымақтастыққа тәрбиелеу болды.
Іс-шара барысында оқушыларға слайд көрсетіліп түсіндіру жүргізілді. Оқушылар тарапынан арнайы шақырылған қонаққа сұрақтар қойып, әдемі пікір таласқа ұлғайды.