09 ақпан 2022 0 1 2 3 4 5 «Жан жарасына айналған Ауғанстан!» атты ауған соғысының ардагерлерімен кездесу Мектебімізде 9 қаңтар күні Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өткізілді.Кездесуді 8 «А» 8 «Ә» 8 «Г» сыныптардың ұйымдастырды. «Жан жарасына айналған - Ауғанстан!» тақырыбында ауған соғысының ардагерлерімен кездесу өте қызықты және тәрбиелік мәні бар іс-шара болып өтті. Ауған соғысы ардагерлеріне биыл – 33 жыл толп отыр. Кездесудің мақсаты Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу және соғысқа қатысқандар ардагерлер туралы мағлұмат беру. Ауған соғысы ардагерлерімен таныстыра отырып, оқушылардың білімдері мен патриоттық сезімдерін ояту болды. Кездесу барысында, Жамбыл облысы, Тараз қаласының Ауған ардагерлері - Рахметов Баймұрат Зиябекович, Сембиев Нұрбақыт Оңланбекұлы қонақта болды. Қонақта болған ауған ардагерлері оқушыларға ауған соғысындағы қызықты оқиғаларды айтып, жақын жандарынан, достарынан айырылғандығы туралы баяндады. Кездесуде оқушыларды өз Отанын сүюге, ата-анасын құрметтеуге, үлкендерді сыйлауға шақырды.