06
қыркүйек
2021
«Ерлік – ұрпаққа ұран»
2021-2022 жаңа оқу жылының алғашқы күнінде, яғни 1-қыркүйек күні мектебіміздің 9"Е" сыныбында «Ерлік – ұрпаққа ұран» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты: Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалар ерлігін үлгі ету; Күні кеше ғана жарылыстан опат болған әскери боздақтар рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу. 46 орта мектебінде өткен бұл тәрбие сағатына арнайы шақырылған әскери полицейінің де айтары аз болмады. Жарылыстың себеп-салдарын қозғай отырып, келешек жастардың әскерге барып, отанын қорғауға дайын азаматтар болуын үндеді. Өзінің өмірлік тәжірибелерін мысалға ала отырып, әскери қызметтің қиын да қызық тұстарын шәкірттерімізге жеткізе білді. Түрлі сауалдар мен жауаптардың арқасында бүгін оқушыларымыз да бір рухтанып, патриоттық сезімдері арта түсті деп сенеміз! Ел аман, елдегі Ер аман болсын, ағайын!!!