25
желтоқсан
2020
"Сабақты зерттеу – сапалы білім беру мақсатындағы ұстаздардың кәсіби шеберханасы" атты қалалық семинары
24.12.2020 күні қалалық білім бөлімінің , ПШО Тараз қаласының филиалының қатысуымен №46 орта мектебі Жетекші мектеп ретінде «Сабақты зерттеу – сапалы білім беру мақсатындағы ұстаздардың кәсіби шеберханасы» тақырыбында онлайн семинар өтті.
Мақсаты: Қашықтан оқыту жағдайында Сабақты зерттеуді енгізу жобасы аясында мұғалімдердің зерттеу тәжірибесімен бөлісу. Семинарға Тараз қаласының Сабақты зерттеумен айналысатын педагогтері, директордың орынбасарлары, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері, Педагогикалық шеберлік орталығының Тараз қаласындағы филиалының тренерлері, Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің әдіскерлері қатысты. №46 орта мектептің Сабақты зерттеумен айналысатын педагогтері қашықтан оқыту жағдайында зерттеу сабағын жоспарлау, өткізу, бақылау, талқылау тәжірибесімен бөлісті;
Сабақты зерттеу фокус-топтарының Сабақты зерттеу тәсілін жүзеге асыру нәтижелері бойынша тәжірибе алмасты. Семинарға қатысушылар қашықтан оқыту кезінде Сабақты зерттеуді жүргізудің жолдарын көріп, олардың тарапынан «Семинар жоғары деңгейде өтті» деген баға берілді.