20
қаңтар
2021
"Тіл- татулықтың тірегі" мәнерлеп оқу
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Рахметхан Азамат «Тіл-татулықтың тірегі» тақырыбында оқушылар арасында мәнерлеп оқу жарыстарын өткізді. Мәнерлеп оқу арқылы оқушылар бойында өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін
түсінуге, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйреті. Оқушылардың сөздік қорларын молайтып, шешендік өнерге баулыды. Ана тілін қастерлеуге, адамгершілікке тәрбиеледі.
Туған тілім-бабам тілі- өз тілім,
Туған тілім-анам тілі - өз тілім.
Туған тілім- далам тілі- өз тілім,
Туған тілім- адам тілі- өз тілім.
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.
Сүйемін туған тілді анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан,
Құлағыма сіңірген таныс үнің.
Мұғалім, оқушаларға жастайыңнан қиялыңды-қиялға өрлеткен ғажайып ертегілер, шыншыл да сыршыл аңыз-әңгімелер,ерлікті, елдікті дәріптеген батырлар жырлары, береке бірлікті мақсат еткен өткір де өміршең шешендік сөздер, халық даналығы – мақал-мәтелдер ана тілінде дүниеге келіп, әрбір адамға сол ана тілінде жетіп отырады. Абай даналығына, Махамбеттің батылдығына, Бұқардың ақылгөйлігі мен халқына деген жанашырлығына, Абылайдың данышпандығына, Бөгенбай мен Қабанбайдың ерліктеріне сүйсініп, рухани өміріңе азық ететіндігін айтып онлайн мәнерлеп оқу жырысын ұйымдастырды.