20
ақпан
2025
Облыстық семинар : " Сабақты зерттеу" серіктес мектеппен бірлескен жұмыс нәтижесі
2025 жылдың ақпан айында Тараз қаласындағы №46 орта мектепте "Сабақты зерттеу. Функционалдық сауаттылықты қалыптастырудың тиімді тәсілдері" тақырыбында облыстық деңгейдегі семинар ұйымдастырылды.
Семинардың мақсаты – заманауи білім беру үрдісінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға бағытталған тиімді әдіс-тәсілдерді талқылау және мұғалімдердің кәсіби шеберлігін жетілдіру.
Іс-шара барысында мұғалімдер ашық сабақтар өткізіп, оқытудағы жаңа тәсілдерді ортаға салды. Қатысушылар сабақты зерттеу үдерісінің кезеңдерімен танысып, оқу сапасын жақсартудағы рөліне нақты көз жеткізді. Сонымен қатар, функционалдық сауаттылықты дамытуға бағытталған әдістемелік ұсыныстар мен тәжірибелер талқыланды.
Директордың оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары М.С. Божымбаевамен бірлесе отырып, сабақты зерттеу модераторлары Ж.С.Асанкулова, Г.Е . Жунсалиева, Ф.Н.Оспанова, С.Х.Абдешова, Н.С.Утепбаева, Н.А.Саурыкова, Т.Қ.Бегешбаева, Ж.К.Сатымбекова топ мүшелерімен бірлесіп, оқытудың әдістерін тиімді таңдап, оқушылардың оқу әрекетіне талдау жасады.
Семинар педагогтердің кәсіби дамуына серпін беріп, білім сапасын арттыруға бағытталған мазмұнды іс-шара ретінде жоғары деңгейде өтті.