26
маусым
2025
А.Байтұрсынұлы “Егіннің бастары”өлеңі тақырыбындағы авторлық бағдарлама негізінде өтілген ашық сабақ
«Абайтану» ақын шығармаларын оқытуда оқушылардың шығармашылық қабілеттерін ояту» авторлық бағдарламасы– тек ұлы ақынның шығармаларын танытумен шектелмейді, ол оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, функционалдық сауаттылығын арттыруға бағытталған маңызды алаң. Абай өлеңдері мен қара сөздерін оқу, талдау және олардан түйін жасау арқылы оқушылар ойлау, сараптау, пікір білдіру дағдыларын жетілдіреді. Бұл – мәтінді мағыналық тұрғыда түсіну мен өмірмен байланыстыру білігін арттыратын құнды тәжірибе. Сонымен қатар, сабақ барысында оқушылар Абай идеяларынан шабыт алып, эссе, шығарма жазу, көркем сөйлеу, пікірталасқа қатысу сияқты шығармашылық жұмыстар арқылы өз ойларын еркін әрі дәл жеткізуді үйренеді. Бұл – функционалдық сауаттылықты қалыптастырудың және жеке тұлғаны жан-жақты дамытудың тиімді жолы.