23
мамыр
2025
«Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» ақын шығармаларын оқытуда оқушылардың шығармашылық қабілеттерін ояту»
№46 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Торгаева Мария «Наурыз – түркі халықтарының дәстүрлі мерекесі" тақырыбындағы авторлық бағдарлама негізінде ашық сабақ өткізді.
«Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» ақын шығармаларын оқытуда оқушылардың шығармашылық қабілеттерін ояту» бағдарламасы – оқушылардың әдеби танымын ғана емес, функционалдық сауаттылығын дамытуға да бағытталған бірегей жоба. Ақын шығармаларын оқу арқылы оқушылар тек көркем мәтінді түсінуді ғана емес, сол мәтіндегі ойды талдау, салыстыру, аргумент келтіру, өмірмен байланыстыру сияқты маңызды дағдыларды меңгереді. Бұл – бүгінгі заман талабына сай оқушы тұлғасын қалыптастырудың нақты қадамы. Мұқағали өлеңдеріндегі терең философиялық ойлар мен заманауи тақырыптарды сараптай отырып, оқушылар ақпаратты сұрыптап, оны дұрыс қолдануға, пікірін дәлелдеуге және өз ойын сауатты жеткізуге үйренеді. Яғни, бағдарлама мазмұны функционалдық сауаттылықты арттырып, білімді өмірлік жағдайларда қолдана білуге сеп болады.