HTML – веб-беттерді құруға арналған стандартты белгілеу тілі » СШ №46
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
«№46 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7262) 54-64-66
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54-64-66
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » HTML – веб-беттерді құруға арналған стандартты белгілеу тілі
16
сәуір
2025

HTML – веб-беттерді құруға арналған стандартты белгілеу тілі

HTML – веб-беттерді құруға арналған стандартты белгілеу тілі
Интернет дәуірінде кез келген веб-сайттың негізін құрайтын тіл – бұл HTML (HyperText Markup Language). Ол веб-беттердің құрылымын сипаттайтын стандартты белгілеу тілі ретінде танылады. HTML-дің көмегімен мәтіндер, суреттер, сілтемелер және мультимедиялық элементтерден тұратын веб-құжаттарды жасауға болады. 
Тараз қаласындағы №46 орта мектептің әдістемелік кеңесінің шешімімен 2024–2025 оқу жылында 9-10 сыныптар үшін «HTML – веб-беттерді құруға арналған стандартты белгілеу тілі» атты әдістемелік құрал енгізілді.
HTML тілін оқытуға арналған әдістемелік құралды білім беру процесіне енгізудегі басты мақсат — білім алушылардың цифрлық сауаттылығын арттыру, веб-технологиялар негізін меңгеруіне жағдай жасау және информатика пәні шеңберінде функционалдық сауаттылығын дамыту.
Осы әдістемелік құралды енгізу арқылы информатика пәнінің мұғалім Айгүл Құлжан  оқушылардың HTML тілі арқылы веб-бет құрудың негіздерін меңгеруді, құрылымдық және алгоритмдік ойлау қабілеттерінің дамутыды, практикалық дағдылар (мәтін, сурет, сілтеме, тізім, кесте енгізу т.б.) қалыптастыруды,  сонымен қатар оқушылардың шығармашылық белсенділік пен өзіндік жобалар жасауға ынтасын оятуды, ІТ саласына деген қызығушылығы мен болашақ мамандыққа бейімділігінің арттыруын көздейді.
Бұл әдістемелік құрал мұғалімдерге HTML-ді жүйелі түрде оқытуда көмекші құрал ретінде қызмет етеді, ал оқушылар үшін – түсінікті, құрылымды және тәжірибеге бағытталған оқыту материалы болып табылады. 
Қорытындылай келе, HTML бойынша әдістемелік құралды енгізу — заман талабына сай ақпараттық технологиялар бағытын тереңдетіп оқытуда маңызды қадам болып саналады. Ол оқушыларды 21 ғасыр дағдыларына (креативтілік, техникалық сауаттылық, ынтымақтастық, рефлексия және өз бетімен білім алу) бейімдеуге ықпал етеді.
 
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив