«Сабақ Time» жобасы аясында облыстық семинар » СШ №46
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
«№46 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7262) 54-64-66
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54-64-66
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Сабақ Time» жобасы аясында облыстық семинар
14
наурыз
2025

«Сабақ Time» жобасы аясында облыстық семинар

Мәтін талдау – оқушылардың оқу және жазу сауаттылығын қалыптастырудың маңызды құралы. Оқушыларды мәтін талдауға үйрету (мазмұнды түсініп оқу, ой қорыту және жеке пікір білдіру қабілеттерімен қамтамасыз ету) – функционалдық сауаттылықты дамытуда маңызды қадам. 

Мәтін талдауға арналған арнайы әдістемелік бағдарламалар мұғалімдерге оқушылардың сыни ойлау қабілетін дамытуға, коммуникативтік дағдыларын жетілдіруге және оқу сауаттылығын арттыруға мүмкіндік береді.

Осы бағытта мектебіміздің тәжірибелі ұстазы, педагог-зерттеуші, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Джумакадырова Гулбану  «Мәтін талдауға үйрету» авторлық бағдарламасын әзірледі. Білікті ұстаз бағдарламаға сәйкес өз тәжірибесіне мәтін талдаудың тиімді әдістерін енгізу арқылы оқушылардың оқу сауаттылығын арттыру, сыни және шығармашылық ойлау қабілеттерін дамытуды көздейді.

Ұстаздың авторлық бағдарламасы 2024-2025 оқу жылында № 46 орта мектептің ғылыми-әдістемелік кеңесінің шешімімен тәжірибеге енгізілді.


2024-2025 оқу жылында Тараз қаласының № 8 мектеп-гимназиясының базасында өткізілген облыстық «СабақTime» жобасы аясында «Қазақ тілі менәдебиеті пәнінің оқу мазмұнын меңгертуде қолданылатын әдіс-тәсілдер, тапсырма түрлері мен қолдану ерекшеліктері» ашық сабақтар циклында өз тәжірибесімен облыс ұстаздарымен бөлісті. «Отбасы тәрбиесінің бала дамуында алатын орны» тақырыбында өткізген ашық сабағында тыңдалым мәтінімен жұмыс жасаудың (мәтінді түсіну, талдау, мәтіндегі негізгі ойды басшылыққа ала отырып оқушының мәтін құрау) қыр-сырымен бөлісті. Ұстаздың еңбегі облыстың әр аймағынан жиналған әріптестерінің тарапынан жоғары бағаланып, облыстық оқу-әдістемелік орталығының сертификаты табысталды.


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив