16
қараша
2022
Қыз бала-болашақ ана
«ОТБАСЫ – ОРТА МЕКТЕП» ЖОБАСЫ ІСКЕ АСЫРЫЛДЫ.
Бүгін мектебімізде "Отбасы - орта мектеп" жобасы аясында, «Аналар мектебі» клубының ұйымдастырумен 5 сыныптың қыз балаларына арналған "Қыз бала - болашақ ана" атты дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелді 5 сыныптың сынып жетекшілері А.Пралиева, А.Қазақбаева, Ұ.Оразымбетова мен тарих пәні мұғалімі, «Аналар мектебі» клубының жетекшісі М.Юсупова жүргізді.
Мақсаты: "Қыз" деген сөзді әдеміліктің, әдептіліктің, жан - жақты символы ретінде ұстанған, адамгершілік, адалдық, іс - қимыл, жүріс - тұрыс дағдысы, қыз намысы, сымбаты туралы жан - жақты мағлұмат беру арқылы қыз балалардың бойына рухани - адамгершілік, әдептілік, сыпайылық, тиянақтылық, имандылық, тазалық қасиеттерді дамыту болды. Жеке бас гигиенасын сақтауға, әдепсіздік пен азғындық жолға түспеуге тәрбиелеу жұмыстары жүргізілді.
Сондай - ақ әдет - ғұрып,салт - дәстүрлерін қыз баланың бойына сіңіре отырып, қыз балаға келешекте ана, ақ босағаның аруы, шаңырақтың құт - берекесі екенін ұғындыру, әдептілікке, сыпайлыққа, инабаттылыққа мейірімділікке, төзімділікке, шыншылдыққа тәрбиелеу сияқты ақыл кеңестер айтылды.