11
қараша
2019
«Қыз баланың гигиенасы»
«Қыз баланың гигиенасы»
Қыз бала ағзасының өзіндік ерекшеліктері бар: ер балаға қарағанда ол нәзік келеді, анатомиялық айырмашылықтар арнаулы гигиенаны талап етеді. Қыз балаға туған бойда-ақ ұқыпты қарауға тура келеді. Сондықтан мектебімізге «Сенім» атты қосымша білім беру мектебінің лекторлары келіп, 7-сынып қыз балаларына дәріс оқыды. Дәріс барысында, 7-сынып оқушылары өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойды. Баланың жасынан денесін - шымыр, өзін - өнегелі етіп тәрбиелеу оның бүкіл келешек өміріне зор әсерін тигізетіндіктерін айтты. Қыз баланың бойындағы өзгерістерге кішкентайынан тазалыққа, тәртіпке, белгілі бір қалыпқа, шамасы келетін жұмысқа дағдылану керектігін жеткізді. Осы арқылы оның алдағы уақытта әр түрлі ағаттықтардан, жыныстық қабілеті жетіліп келе жатқан кезде - ұрыншақтықтан аулақ болуына көмектеседі. Мұның бәрін әсіресе қыз баланың тәрбиесінде ерте бастан ескерген жақсы. Өйткені ертеңгі күні ана болатын қыздардың денсаулығының дұрыстығы - болашақ ұрпақ денсаулығының кепілі. Оның жалпы денесін таза ұстаумен қатар, сыртқы жыныс мүшелерінің тазалығына қатты көңіл аудару керек, әйтпесе несеп пен нәжіс оларды былғап, тітіркендіруі, сөйтіп жұқпалы ауруға ұрындыруы мүмкін. Баланың беті - қолын және астын ұдайы жуып тұрудың гигиеналық қана емес, сонымен қатар тәрбиелік те мәні бар. Жинақы жүріп, күн сайын дәрет алуды, іш киімдерін алмастырып киюді қыз бала жасынан әдетке айналдырсын. Сонда жылдан - жылға бұл шаралардың мәні арта түсіп, ақыры табиғи қажеттілікке айналып кетеді.