06
қыркүйек
2021
"Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі"
"Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі" тақырыбында қыздар жиналысы өткізілді. Жиналыстың мақсаты: Жас жеткіншектер арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу жастардың Адам тәрбиесі мен Қоғам тәрбиесіне байланысты көзқарастарын дұрыс қалыптастыра отырып, болашақта ұрпақ қамын, ұлт тағдырын ойлайтын қоғамның мүшесі болуларына жағдай жасау, ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында түсініктеме беру. Ұрпақ тәрбиесіне байланысты ата – бабалар ілімдері туралы түсініктерін қалыптастыру. Отбасын құру мен бала тәрбиесіне байланысты жауапкершіліктерін арттыру. Жүрек тәрбиесі мен ақыл тәрбиесінің мән – мағынасын ашып көрсету.
Аталған іс-шараға қатысты оқушыларға бейнебаян көрсетілді. Жиналыс сырласу түрінде өтіп, оқушылар жақсы көңіл-күймен тарады.
Аталған іс-шараға қатысты оқушыларға бейнебаян көрсетілді. Жиналыс сырласу түрінде өтіп, оқушылар жақсы көңіл-күймен тарады.