16
сәуір
2021
«Адалдық алаңы»
Тәуелсіздігімізге 30 жыл толуына орай «Адалдық алаңы» - ақпарат сағаты
Бүгінгі күні Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыру мақсатында еліміздің барлық өңірлерінде тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жоюға бағытталған бірегей бастама – «Адалдық алаңы» жобасы іске асырылуда.
Жобаның құрылудағы негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ел азаматтары үшін қолайлы жағдай жасау, ашықтық қағидатына негізделген адал қоғам мен парасатты мәдениетті қалыптастыру және қоғамдық бақылауды пәрменді іске асыруды қамтамасыз ету.
Жобаның негізгі міндеттері - тұрғындардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық үлгісін одан әрі дамыту мен жемқорлық мәселесін мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру арқылы шешу, тұрмыстық жемқорлықты жою, азаматтар және бизнес үшін кедергісіз және қолайлы жағдайлар жасау, мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы, ауқымды қоғамдық бақылау жүргізу.
Жоба аясында мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің еңбекақысын қайта қарау, мекеме басшыларының жеке жауапкершілігін арттыру, қызметтердің барлық бағыттары бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды арттыру және тағы басқа мәселелер қамтылады.
Осы орайда мектеп кітапханасында 9 «Ә», «Б» сынып оқушыларымен «Адалдық алаңы» атты ақпарат сағаты өткізілді. Іс шараны кітапханашы Есимбекова А.Т. ашып жобаның мақсат-міндетімен таныстырып атқаратын қызметін түсіндірді. Келесі сөз кезегін арнайы шақырылған мектеп инспекторы Сматай А. М. оқушылармен әділдік пен адалдық, жемқорлық пен парақорлық тақырыбында сұхбаттасып, жамандықтан аулақ жүруге шақырды. Жемқорлықпен күресудің нақты жолдары және адалдыққа бағыттап тәрбиелеудің маңыздылығын айтып өтті.
Адалдық — адам бойындағы басты қасиеттердің бірі, адамгершіліктің
маңызды талаптарының бірін көрсететін моральдық сапа. Оған шыншылдық, ар-ождан, қабылданған міндеттемелерге адалдық, мәселенің дұрыстығына субъективті сену, адамның басқарылатын себептеріне байланысты, өзгелер мен өзіне деген шынайылық.






