25
наурыз
2021
"Робототехника" үйірмесі
Біздің көңілді көктемгі каникул" тақырыбында "Робототехника" үйірмесінің жетекшісі Асқарбай А. А. оқушыларымызды мектепке шақырып қызықты танымды сабақ өткізді. Оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында, барлық карантиндік шараларды сақтай отырып, өткізілген сабақта, оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыды. Қазіргі таңда әлем көз ілеспес жылдамдықпен өзгеріп жатыр. Кеше фантастика болған робот, робототехника осы жаһандану дәуірінде ақылды құрылғылар ретінде өмірімізге дендеп ене бастады. Осындай игі бастамадан бастау алып, мектеп қабырғасында ашылған "Робототехника" үйірмесі өз жұмыстарын көктемгі демалысқа да жоспарлап, жаңа бір бағытқа қадам басуда. Оқушылар сабақтан бос уақыттарында өздерінің қызығушылықтарымен үйірме жұмысын одан әрі жандандыруда.
#көктемканикул2021 🌸🌸🌸🌼🌼🌼🌼
#босуақыттытиімдіпайдалану 👍👍👍👍
#көктемканикул2021 🌸🌸🌸🌼🌼🌼🌼
#босуақыттытиімдіпайдалану 👍👍👍👍