21
қараша
2020
Жас мамандарға көмек
2020 жылдың 21 қараша күні мектебіміздің жас мамандарына және жұмысқа жаңадан келген мұғалімдерге арналған семинар өтті. Семинарда тәжірибелі ұстаздар Н.С.Утепбаева мен А.К.Батырбаева "Сабақ жоспарын жазудың жолдары" тақырыбында жас мұғалімдерге қысқа мерзімді жоспардың құрылымдары, оқу мақсаты, одан сабақ мақсатын, бағалау критерийлерін құру жолдарымен таныстырса, педагог - шебер М.С.Божымбаева "Сабақта инновациялық әдістерді қолдану" тақырыбында жаңартылған білім беру мазмұнын түсіндіре отырып, семинарға қатысушылардың өздеріне әртүрлі әдістерді жасата отырып түсіндірді. Мектеп психологтары А. Усубалиева мен А.Нұрмахан жас мамандарға арналған "Мектепке қалай тез бейімделуге болады?" тақырыбында тренинг өтті. Семинар соңында жас мамандар кері байланыс парақтарын толтыра отырып, алған әсерлерімен бөлісті.