2021-2022 оқу жылында атқарылған жұмыстар » СШ №46
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
«№46 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7262) 54-64-66
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54-64-66
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2021-2022 оқу жылында атқарылған жұмыстар
13
маусым
2022

2021-2022 оқу жылында атқарылған жұмыстар


Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы

Тараз қаласының  білім бөлімінің № 46 орта мектебі КММ –де

2021-2022 оқу жылында атқарылған жұмыстар туралы

Баяндама


Білім мекемелері  «Қазақстан Республикасының  Конституциясы»,«Білім туралы», «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы», «ҚР-дағы баланың құқықтары туралы», , «ҚР-дағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңдарына сүйене отырып, жұмыс жүргізеді.

2021-2022оқу жылының соңына оқушы контингенті -1897.

Сынып саны -92, 86 негізгі, 6 ТДО сыныптары.

Білім сапасы- 64.13, үлгерімі- 100%.

Педагогтардың сапалық құрамы- 62,3%.

Оқушылар жетістіктері: қалалық деңгейде -35 орын, облыстық деңгейде – 14, республикалық -109, халықаралық деңгейде- 247 орын.

Деңгейлік курстардан өткен мұғалімдер саны- 22, мектеп тренері- 6, ПШО тренерлері- 3, функционалдық сауаттылық курсын оқыған мұғалімдер- 8, магистрант дәрежесі бар мұғалімдер- 20, көптілді мұғалімдер саны- 8.

Халықаралық онлайн байқауларға қатысқан мұғалімдер саны- 45, жеңімпаз және жүлдегерлер саны- 52. 22 мұғалім әр түрлі баспаларда мақалаларын жариялаған. Өзінің педагогикалық тәжірибесін әдістемелік құралдарда жинақтап, педагог-шебер дережесін алған  мұғалімдер саны- 5.

Мектептің әлеуметтік жағдайына тоқталатын болсақ, 

Көп  балалы отбасы – 473

Толық  емес отбасы – 275

Әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар саны- 211

Жайсыз отбасылар саны- 2

Өгей анасымен тұратындар – 1

Өгей әкесімен тұратындар - 32

Жетім  балалар – 9, қамқоршылық пен қорғаншылықта- 6, патронаттық тәрбиедегі- 3 бала.

Үйде оқытылатын оқушылар саны- 20, оның 15-і мүгедек оқушылар, инклюзивті біліммен 8 оқушы қамтылған. 

Тегін ыстық тамақпен қамтылғандар – 423 оқушы.


Тәрбие жұмысы

Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлға тәрбиелеу мақсатында, 2021-2022 оқу жылында тәрбие   жұмысының 8 бағыты мен 12 жобасын іске асыру мақсатында, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жоба жеңімпаздарымен кездесулер өткізілді. «Ерте жастан басталатын экологиялық мәдениет» жобасы аясында, «Өзін-өзі басқару» ұйымы мен «Жас Ұлан» республикалық бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымдары «Жасыл экономика» бағдарламасы арқылы сенбіліктер ұйымдастырды. «Отбасы – мектеп» жобасы арқылы ата-аналар жиналысы, дөңгелек үстелдер, байқаулар, коуч-семинарлар жүргізілді.  «Құқықтық сана – қауымға пана» тақырыбында құқық бұзушылықтың алдын алу үшін полиция қызметкерлерімен дөңгелек үстелдер мен ашық сұхбаттар өткізілді. «Дәстүр мен ғұрып» жобасы арқылы республикалық «Ұлы дала өркениеті» атты байқауға қатысып, білім алушыларды ұлттық өнерді дәріптеуге, өткенімізге құрметпен қарауға үндеп, алғыс хаттармен марапатталды. «Еңбек – елдің мұраты» тақырыбында  Тараз қалалық өңірлік университетімен бірлескен қалалық ғылыми практикалық конференция өткізілді. «Қоғамға қызмет» жобасы аясында, «Қазақ хандығына-550 жыл» монументін тазалау жұмыстарын ұйымдастырып, волонтер білім алушыларымыз тазалыққа, ұқыптылыққа үндеу жұмыстарын жүргізді. 2022 жыл - Балалар жылына орай,  «Музей сабақтары» мен «Театр сабақтары» жобасы іске асырылып, «Тұңғыш Президент» саябағында қойылым жасап, батыр Бауыржан Момышұлының музейіне экскурсиялық сабақтар ұйымдастырылды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын жүзеге асыруда  «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында білім алушылар түрлі іс-шараларға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Осы жоба аясында мектебімізге коворкинг орталық ашылды.   Қамқоршылық кеңес ұйымының қатысуымен   дөңгелек үстелдер, кеңес отырыстары жүргізілді. «Жомарт түлек» жобасы аясында, танымал түлектермен кездесулер өтті. “Жомарт түлек” жобасы аясында 12 іс-шара ұйымдастырылды.


Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу жұмысы


Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу үшін іс-шаралар жоспары жасалынып, бекітілген.

  •    Қалалық білім бөлімінің кешенді-мақсатты бағдарламасын басшылыққа алып, оқу  жылына арналған құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу іс-шаралар жоспары;
  •    ІІБЖПҚ-мен біріккен жұмыс жоспары;
  •    облыстық наркодиспансермен біріккен жұмыс жоспары;
  •    салауатты өмір салты орталығымен біріккен жұмыс жоспары;
  •    ЖИТС орталығымен біріккен жұмыс жоспары;
  •    жалпыға бірдей білім беру жоспары;
  • мектеппсихологтарыменбіріккенжұмысжоспары;
  •    құқық бұзушылық пен қылмыстыңалдыналукеңесініңіс-шараларжоспары;
  • діни экстремизмнің алдын алуіс-шараларжоспары.




№10 мобильдік топ мүшелерімен бірлесіп жүргізілетін 2021-2022 оқу жылына арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес топ жетекшісі  Тараз қаласы прокуратурасының бөлім аға прокуроры Д.Х.Құттыбаев, қалалық білім бөлімінің басшысы Р.П.Қожамжарова  есепте тұрған оқушылармен олардың ата-аналарымен сұхбат жүргізіп, балалардың көңіл күйі мен қажеттіліктерін ұдайы анықтап отырады. Тараз қаласы ЖПҚ ІІБ инспекторы, полиция майоры Исметов Сұлтан, аумақтық инспектор Орынбаев Тұрар,  психологтар Маманова Айгерім, Самен Балжан  оқушылармен жүйелі түрде алдын алу, психологиялық қолдау жұмыстарын жүргізеді.

Мектепте заң бұзушылықтың және қылмыстың алдын алу кеңесі құрылған, жоспарға сәйкес ай сайын кезекті құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу кеңесінің отырысы өткізіліп тұрды. Оның мүшелігіне мектеп директоры, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, психологтар, мектеп инспекторы, құқық пәнінің мұғалімі және ата-аналар комитетінің мүшелері кіреді. Әр түрлі құқық бұзушылық іс-әрекеттерге барған оқушылардың ата-аналары штаб отырысына шақыртылып, олармен түсіндіру жұмыстары жасалынды. Ата-ананың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі туралы айтылып, мәселенің дұрыс бағытта шешілуі қамтамасыз етілді.

Ай бойына бекітілген кестеге сәйкес мектеп шағын ауданында ер мұғалімдерден құрылған жасақтармен  құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында рейдтер жүргізілді. Рейд мақсаты: оқушылардың мектептен тыс кезде жүріп тұруын бақылау және ата-аналармен әңгіме-сұхбат жүргізіп, құқық бұзушылық іс- әрекеттердің алдын алу.

Мектебіміздегі құқықтық білім беру «Құқықтық білім беру туралы» Ережеге сүйене отырып жасалған жоспар бойынша жүргізіледі. Құқықтық білім беру – бұл оқушыларға, педагогтарға және ата-аналарға құқықтық тәрбие мен құқықтық ағарту-насихат жұмыстарын жүргізудің  жүйесі. Бұл   Ереже құқықтық білім берудің мақсаты, принциптері мен өткізу тәртібін анықтайды. 

Құқықтық білім берудің мақсаты – оқушылардың, педагогтар мен ата-аналардың құқықтық мәдениетін көтеру және заңды құрметтеуге деген дәстүрді қалыптастыру. 

Құқықтық білім беру келесі міндеттерді шешеді: 

1)оқушыларға, педагогтарға, ата-аналарға құқықтық білім беруді жүзеге асыру, заңнамалық актілер мен құқықтық біліммен қарулану, құқық бұзған оқушылардың жауапкершілігін қарау; 

2) Қазақстан Республикасының Конституциясының міндеттемелерін түсіндіру, оны оқушыларға, педагогтар мен ата-аналарға дер кезінде жеткізу. 

Құқықтық білім беруді ұйымдастыруда мектеп әкімшілігі жас ерекшелігіне қарай әдістемелік ұсынымдарды, тақырыптық жоспарларды жасауды қамтамасыз етеді. 

Құқықтық білім беруді ұйымдастыру жұмыстарында әділет, құқық қорғау ұйымдары мен мемлекеттік ұйымдардың қызметкерлері тартылады. 

Мектеп әкімшілігі құқықтық тақырыпта стенд даярласа, 1-11 сынып жетекшілері бұрыштар дайындайды. 

Жалпы басшылық пен оны ұйымдастыру жұмыстарына  бақылауды мектеп әкімшілігі жүзеге асырады.


Оқушыларға құқықтық тәрбие беруде олардың құқықтық сана сезімін бірінші кезекте қалыптасудың маңызы зор. Себебі, құқықтық сана – қоғамдық санның ерекше түрі. Сондықтан, құқықтық тәрбие беруде оқушылардың санасын тәрбиелеу, жауапкершілік сезімін көтеру, ұйымшылдық пен тәртіліптікті нығайту - мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарының негізгі бір бағыты. Құқықтық тәрбие – сан қырлы,күрделі процесс, бұл жалпы және арнаулы шаралардың тұтас бір жүйесін қамтиды.Соның ең бірінші сатысы-оқушы заңмен хабардар етіп оның жалпы білім деңгейін көтеру. Осыған орай мектеп оқушыларының жас ерекшеліктеріне қарай құқық негіздерін оқыту іске асуда. Мектебімізде әр айдың екінші аптасы «құқықтық білім беруді жетілдіру күні» болып белгіленген. Мектеп залдарына құқықтық тәрбиеге байланысты көрнекіліктер ілініп, сынып бөлмелерінде бұрыштар ұйымдастырылған, сенім жәшіктері дайындалып, оқушылардан құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алуды жүзеге асыруға байланысты сауалнамалық сұрақтарға жауап алынып отырады.

Мектеп бойынша 2021-2022 оқу жылына қалалық полиция есебінде тұратын оқушылар саны-3

Мектеп бойынша мектепішілік есепке алынған оқушылар саны-10;

Мектеп  бойынша күнделікті бақылауды қажет ететін «жоғары топ» тізімінде тұрған оқушылар саны-11

Мектеп  бойынша күнделікті бақылауды қажет ететін «орта топ» тізімінде тұрған оқушылар саны-16

Мектеп  бойынша күнделікті бақылауды қажет ететін «төменгі   топ» тізімінде тұрған оқушылар саны-5

Жайсыз отбасы бала саны-3

Есепке алынған білім алушылармен заңға бағынатын тәртібін, құқықтық мәдениетін қалыптастыру, сонымен қатар білім алушылардың интернет желісінде қауіпсіздікті сақтау интернетке тәуелділітен сақтану мен құқыққа қарсы әрекеттен сақтану, құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу, оларға қатысты жасалынатын қылмыстардан сақтану шаралары туралы профилактикалық алдын-алу жұмыстары жүргізіліп отырды. 


Мектеп оқушыларының жалпы үйірмелермен қамтылу деңгейі: жалпы- 1138 (61,0%), мектепішілік үйірмелермен- 335 (18%), мектептен тыс үйірмелер- 803( 43%).


   Оқу жылында   спонсорлардың көмегінің арқасында мәжіліс залына LED экран алынды,танымал түлектеріміз стендтер жасауға ат салысты. 

.Алдағы қажет нәрселер, екінші спортзал салу, тозығы жеткен терезелер мен есіктерді ауыстыру. Осыған сәйкес 2021-2023 жылдар аралығында мектебімізде сомасы 230 млн.тенгеге күрделі жөндеу жұмыстары жоспарланған.



Мектеп директоры              У.К.Шинбергенов



         








Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив