13
қараша
2020
Серіктес мектептермен келісімшартқа отыру рәсімі
2020 жылдың 13 қарашасы күні 46 мектеп базасында серіктес мектептермен (28, 42 орта мектептер) ынтымақтастық жөнінде келісімшартқа отыру рәсімі өтті. Серіктес мектептердің директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасарлары мен көшбасшы мұғалімдері және 46 мектептің директоры, орынбасарлары, көшбасшы мұғалімдер, ПШО тренері Ш.Қ.Альтаева қатысты. Кездесу барысында директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары А.М.Қарсыбаева Жетекші мектептің мақсат, міндеттері, қызметі, жылдық жоспарымен таныстырды. Жоспар құрылмас бұрын үш мектептің мұғалімдерінен жаңартылған білім беру мазмұнында қандай басымдықтарға мән беру керектігін айәқындау мақсатында сауалнама алынғанын саралап өтті. Қыркүйек-қазан айларында "Мұғалім тәжірибесіндегі зерттеу" мектепішілік курсын тәмамдаған мұғалімдер өз алған білімдерінен таныстырылым жасап, соңында сертификаттарға ие болды. ПШО тренері Шәкизат Құдайбергеновна Зерттеу сабақтарын онлайн форматында жүргізудің тәсілдерімен таныстыра отырып, мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсетті. Кездесу соңы ресми түрде келісімшартқа отыру рәсімімен аяқталды.

















