16
мамыр
2025
«Алжапқыш тігу технологиясы» еңгізілген әдістемелік құралдын нәтижесі
Бұл әдістемелік құрал білім беру мазмұнын жаңарту аясындамұғалімдер үшін әдістемелік қолдау көрсету барысында әзірленді. Ол – мұғалімдердің біріккен жұмысының жетістігі. Жинақтың құрылымы білім алушылардың қажеттілігін және мүмкіндігін ескере отырып, тапсырманы толықтыруға, өзгертуге және бейімдеуге мүмкіндік бере алады. Осы жинақ негізгі мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша өңірлік пен мектеп үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналып жасалған. Бағалау критерийлері және дескрипторлары бар тапсырма қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру үшін, сабақты жоспарлау үшін, ұқсас тапсырмаларды құрастыру және таңдауға, сондай - ақ оқу мақсатына жету бойынша тиімді кері байланыс ұсынуға көмектесетін үлгі ретінде қолданылады.
Мақсаты: Оқу-әдістемелік құралдың негізгі мақсаты — 6-сынып оқушыларына тігін бұйымдарының бірі ретінде алжапқышты дайындау технологиясын меңгерту арқылы еңбекке баулу, шығармашылық қабілетін дамыту, эстетикалық талғамын қалыптастыру және өмірлік дағдыларды үйрету.