«Python программасында күрделі есептерді шығару жолдарын үйрету» атты әдістемелік нұсқаулыққа зерттеу жұмысының нәтижесі » СШ №46
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
«№46 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7262) 54-64-66
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54-64-66
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Python программасында күрделі есептерді шығару жолдарын үйрету» атты әдістемелік нұсқаулыққа зерттеу жұмысының нәтижесі
15
мамыр
2025

«Python программасында күрделі есептерді шығару жолдарын үйрету» атты әдістемелік нұсқаулыққа зерттеу жұмысының нәтижесі

«Python программасында күрделі есептерді шығару жолдарын үйрету» атты әдістемелік нұсқаулыққа зерттеу жұмысының нәтижесі 
Зерттеу жұмысының нәтижесі
Зерттеу нәтижесінде Python программалау тілін пайдалана отырып күрделі есептерді шешу бойынша жүргізілген оқыту үдерісі бірқатар оң нәтижелер берді. Әдістемелік нұсқаулық негізінде өткізілген сабақтар мен практикалық жұмыстар оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, алгоритмдік сауаттылығын және программалау дағдыларын айтарлықтай арттырғаны байқалды.
Атап айтқанда, келесі нәтижелерге қол жеткізілді:
1.Оқушылардың білім сапасы артты:
Зерттеуге қатысқан оқушылардың 72%-ы күрделі есептерді өз бетімен шығара алды. Бағалау нәтижелеріне сәйкес, Python тілінде тармақталған, циклдік және функциялық құрылымдарды қолдану көрсеткіштері жақсарды.
2.Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау қабілеттері дамыды:
Күрделі есептерді шешу барысында оқушылар әртүрлі тәсілдер мен алгоритмдік амалдарды қолданып, өз шешімдерін негіздеуге үйренді. Бұл олардың шығармашылық белсенділігі мен дербестігін арттырды.
3.Практикалық машықтар қалыптасты:
Python тілінде нақты тапсырмаларды (мысалы, математикалық модельдеу, деректерді өңдеу, ойын программаларын жасау) орындау арқылы оқушылар нақты өмірмен байланысты программалар құруға дағдыланды.
4.Оқытудың тиімді әдістері анықталды:
Зерттеу барысында интерактивті әдістер – топтық жұмыс, жоба қорғау, практикалық тапсырмалар арқылы оқыту тиімділігі жоғары екені дәлелденді. Сонымен қатар, кодты бірлесіп талдау, қателерді бірге іздеу және түзету тәсілдері оқушылардың ынтасын арттырды.
5.Мотивация мен қызығушылық деңгейі артты:
Оқушылардан сауалнама алу барысында оқушылардың 66%-ы программалау пәніне қызығушылығы артқанын атап өтуге болады. Олар Python тілін болашақ мамандықтарымен байланыстыруға ниетті екендеріктерін байқатты.
6.Цифрлық сауаттылық күшейді:
Оқушылар программалау негіздерін меңгеру арқылы жалпы ІТ саласына бейімделе бастады. Бұл олардың болашақтағы кәсіби бағдарлануына оң әсер етеді.
Қорытындылай келе, әдістемелік нұсқаулықтың мазмұны мен құрылымы білім алушылардың күрделі есептерді шешу дағдыларын дамытуға оң ықпал етіп, информатика пәнінің мазмұнын терең түсінуге мүмкіндік берді. Зерттеу нәтижелері бұл бағыттағы жұмысты жалғастыру мен кеңейту қажеттігін көрсетті.
Нәтиже республиқалық басылымға жиряланды




                                                


















































































Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив