05
сәуір
2021
Мектепішілік "Үздік педагог - 2021" байқауы
2021 жылдың 5 сәуір күні мектепішілік «Үздік педагог - 2021» байқауы өтті. Байқауға мектебіміздің білікті ұстаздары: тарих пәнінің мұалімі Саурыкова Назерке Асановна, математика пәнінің мұғалімі Даниярбек Роза Нұрланқыз, география пәнінің мұғалімі Шыганбаева Назира Сейсеновна, ағылшын пәнінің мұғалімі Есмаханбетова Бекзат Куанышевна, орыс тілі пәнінің мұғалімі Аркабаева Рыскуль Тураровна қатысты.
Байқау мынадай турлардан тұрды:
І тур: Пән бойынша тест тапсырмаларын орындау.
ІІ тур: Шығармашылық жұмыстарын қорғау. Электронды портфолио.
ІІІ тур: Оқушылармен өткізілген бейнесабақ.
ІV тур: «Менің жүрегімнің мектебі» тақырыбындағы бейнеролик.
V тур: «YouTube» желісінде жүктелген сабақтар.
Бұл байқауда қатысушылар тест арқылы өз білімдерін, электронды портфолио барысында өзі туралы жинақтаған деректерін, қызықты бейне сабақ және бейнероликтерін, «YouTube» желісінде жүктелген сабақтарын көрсетті.
Байқау барысында қатысушылар өздерінің жан-жақты білімді, заманауи талапқа сай ұстаздар екенін дәлелдеді. Байқау жоғары деңгейде өтті.