«Жаңа парадигмалық білім мазмұны: қазақ тілі сабағында қолданылатын зерттеу әдістерінің рөлі» » СШ №46
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
«№46 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7262) 54-64-66
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54-64-66
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Жаңа парадигмалық білім мазмұны: қазақ тілі сабағында қолданылатын зерттеу әдістерінің рөлі»
17
сәуір
2025

«Жаңа парадигмалық білім мазмұны: қазақ тілі сабағында қолданылатын зерттеу әдістерінің рөлі»

Ақпараттық қоғамда оқушының  сабаққа деген ынтасы мен қызығушылығын арттыру  күн тәртібіндегі  өзекті  әрі ең басты қажеттіліктердің бірі болып отыр. Осы қажеттіліктен туындаған мәселе болғандықтан  күн тәртібіндегі өзектілігі арта түседі деп ойлаймыз. Сонымен қатар, қазіргі кезде оқушылардың кітапты өздігінен ұғынып оқу, өздігінен ізденіп оқу дағдылары төмендей бастады. Осындай талаптар мен  қажеттіліктердің   негізінен туындап отырғандықтан да арнайы мақсатқа негізделген әдістемелік құрал құрастыру арқылы оқушылардың танымдық, шығармашылық, интеллектуалдық қабілеттерін арттыру өзекті мәселеге айналуда.
Әдістемелік құрал арқылы  мұғалім оқушы танымын кеңейтіп, интеллектулдық өрісін кеңейту үшін арнайы бірізділікке  құрылған жоспар негізінде жүйелі жұмыс жасай алады. Осы әдістемелік құралдың негізінде мұғалім өзінің уақытын тиімді пайдаланып, оқушыға өздігінен ізденудің, зерттеудің тиімді жолын көрсете алады. Оқушы осы курсты толық аяқтаған соң, төмендегідей нәтижелерге қолжеткізе алады:
- зерттеу әдіс-тәсілдері арқылы межелі мақсатқа тез қол жеткізіп, білімдерін дамытуға негіз болады;
- коммуникативтік біліктілігі артқан, логикалық ойлау жүйесі өз деңгейіне сәйкес  дамыған оқушы тұлғасы қалыптасады;
сонымен қатар, мұғалім  белсенді әдістерді орынды қолдану арқылы оқыту және жүйелі оқыту  арқылы алған білімдерін кеңейтіп, ойлауын, сараптама жасай білуін, өз ойын толық жеткізе білумен қатар, өмірге деген көзқарасын қалыптастырады.                                                                                                            Осы бағытта мектебіміздің тәжірибелі ұстазы, педагог-зерттеуші, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гаухар Жолдыбаева «Жаңа парадигмалық білім мазмұны: қазақ тілі сабағында қолданылатын зерттеу әдістерінің рөлі» әдістемелік құрал әзірледі. Білікті ұстаз әдістемелік құралдың басты миссиясы – оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттырудың тиімді әдістерін ұсыну,  білімдерін тереңдетуге  және    кәсіптік бағдар алу қажеттілігіне сәйкес, өмірлік білімдерін жетілдіруге, баланың жеке тұлға ретінде  дамуына, өзіндік көзқарасының қалыптасуына негіз болуды көздейді. Ұстаздың әдістемелік құралы 2023-2024 оқу жылында № 46 орта мектептің ғылыми-әдістемелік кеңесінің шешімімен тәжірибеге енгізілді.
 
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив